Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақстанда азық-түлік бағасы жыл басынан бері 7,6%-ға көтерілді
Қазақстанда 2020 жылдың қаңтар-шілде аралығында азық-түлік тауарларының бағасы 7,6% -ға өсті. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, жеті ай ішінде Қазақстандағы инфляция 4,4%-ды құрады. Жыл басынан бері (2019 жылғы желтоқсан-2020 жылғы шілде) азық-түлік тауарларының бағасы 7,6% -ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 2,9% -ға, ақылы қызметтер - 1,7% -ға өсті.
Аталған статистикаға сүйенсек, жыл басынан бері жемістер 21,3%, жарма - 20%, қой еті - 11,8%, құмшекер - 11,5%, ұн - 11%, көкөністер - 10,8 % қымбаттады. Ал макарон өнімдері - 10,1%, май - 9,4%, жылқы еті - 8,6%, ірімшік - 8,4%, сиыр еті - 7,6%-ға көтерілген. Мұздатылған балық пен шай 6,8%, шұжық өнімдері - 6,1%, шошқа еті - 5,5%, нан және ұн өнімдері - 5,3%, пастерленген сүт - 4,5%, нан - 3,8%, сүзбе - 3,3%-ға қымбаттады.
Сонымен бірге жұмыртқа бағасы 5,9%, күріш 2,2% және тары 2,1%-ға арзандады.