Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Ақмола облысында жауапсыз жер пайдаланушылардан 40 мың га жер тәркіленді
Ауыл шаруашылығы министрлігі жер учаскелері тәркіленген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жариялады. Аталған тізімде Ақмола облысындағы 33 жауапсыз жер пайдаланушы бар, олардың тоғызынан сот шешімі бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы учаскелер алынды.
Тоғыз шаруашылық жерінің жалпы ауданы 39 090,3 га құрайды.
Шығарылған шешім ҚР Жер кодексінің 92 бабына сәйкес «Белгілі бір мақсат бойынша пайдаланылмаған және игерілмеген жер учаскесін меншік иесінен және жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қою» және 94 бапқа сәйкес «Жерді белгілі мақсат бойынша пайдаланылмағаны үшін және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланғаны үшін жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою тәртібі» баптарына сай қабылданды. Заңнамаға сәйкес, егер шаруа немесе фермер қожалығы, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге арналған жер учаскесін пайдаланбау фактісі алғаш анықталған сәттен бастап қатарынан екі жыл бойы мақсат бойынша пайдаланылмаса, онда ол мәжбүрлеп алып қоюға жатады. Осылайша, сегіз жер пайдаланушыға қатысты шешімдер 2018 жылы, бір – бірден 2017 жылы күшіне енді.
«Зеренді-Астық» ЖШС ең көп жерінен- 11 501 гектардан айырылды. Компаниядан ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған ауданы 48-ден 3755 га-ға дейінгі жеті учаске тәркіленді. Олардың барлығы Зеренді ауданында орналасқан.
«Түгел-Әубәкір және К» ЖШС-дан ауданы 1-ден 3814,2 га-ға дейінгі Жақсы ауданындағы бес учаске тәркіленді. Сол ауданда «Есіл-Астық» ЖШС-дан 85 және 8727 га жер телімі тәркіленді. Аталған жер ауыл шаруашылығын жүргізу мақсатында кәсіпкерлерге берілді.
Ақмола облысы бойынша тізілімге «Арман» ШҚ (Ақсуат ауылдық округіндегі 211 га және 798 га екі учаске), «Вефиль 2005» ЖШС (Ақсуат ауылдық округіндегі 1212 және 990 га екі учаске), «Кен-М» ЖШС (Далабай ауылдық округіндегі 1020, 202,5 және 500 га үш учаске) енгізілді.
«Запорожье» ЖШС-дан бір жер телімі (Запорожье ауылдық округінде 2296 га) алынды, «Орловка» ЖШС (Ақсай ауылдық округінде 1500 га) және «Веселое» ЖШС (Веселовка ауылдық округінде 471,8 га) жерінен айырылды.
Қазақстан бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы алып қойылған жерлер туралы толық ақпаратпен мына жерден танысуға болады.
Айта кетсек, АШМ заңнамаға түзетулер енгізді, оған сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бір жыл ішінде пайдаланылмаған жағдайда алынатын болады.