Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазсушаруашылығы егістікті суаруды бақылау үшін ғарыштық технологияларды қолданады
Қазсушаруашылық басшысы Арман Қасенов барлық аймақтағы филиал басшыларының қатысуымен өткен кеңесте вегетация кезеңінде су ресурстарын ұтымды пайдалануды бақылау үшін ғарыш түсірілімін пайдалану туралы айтып берді. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде хабарлады.
«Су ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін кәсіпорын ғарыш түсірілімі әдісімен егіс алқаптарының картасын дайындайтын болады. Осы шаралардан басқа, Қазсушаруашылық басшысы еліміздің егістік алқаптарының ғарыштан түсірілген бұрынғы тарихи кртасын пайдалануды ұсынды. Бұл кәсіпорынның вегетация бойынша жұмысын нақты құруға мүмкіндік береді», - деп хабарлады ведомстводан.
Сондай-ақ, кәсіпорын басшысы су есебін жүргізуді цифрландыру туралы айтып берді. Түркістан облысында суды есепке алу үшңн К-19 каналын автоматтандыру бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Бұл бірінші автоматтандырылған шаруашылықаралық канал, онда су деңгейін сандық есепке алу және автоматты бақылау жүргізіледі, бұл су берудің жағдайын ашық бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Арман Қасенов кәсіпорында енгізілетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірқатар жағдайларды атап өтті.Қазсушар жұмысының 100% ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары дайындалуда. Барлық құрылымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша тиісті жұмыстар енгізілуде, ұйымдағы ішкі аудит қызметі де қалпына келтірілетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы судың аздығынан Қазақстанның оңтүстігінде ауыл шаруашылығы алқаптарын суаруға қатысты қиын жағдайлар орын алып, бұл егіннің бұзылуына әкелген еді.