Бәйтерек аграрийлерді қаржыландыру үшін ESG облигацияларын орналастырды

26 желтоқсанда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі Қазақстан қор биржасында (KASE) жалпы көлемі 100 млрд теңге болатын дебюттік «әлеуметтік» облигациялары – ESG-ді орналастырды. Тартылған қаражат «Кең дала 2» бағдарламасы аясында Аграрлық несие корпорациясы арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын (КЕжЕЖЖ) қаржыландыруға жұмсалады, деп хабарлады Холдингтің баспасөз қызметі.

«Бұл ESG шығарылымы тұрақты даму қағидаттарына сәйкес келеді және оң әлеуметтік маңызды нәтижелерге қол жеткізу мақсатында КЕжЕЖЖ-ын уақтылы жүргізу үшін фермерлерге жеңілдікпен несие беруді көздейді.  КЕжЕЖЖ-на жеңілдікті несиелер алдын ала берілетінін атап өту маңызды, бұл өз кезегінде фермерлерге қажетті агротехникалық іс-шаралардың уақтылы жүргізілуін алдын ала қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті «Бәйтеректе».

«Әлеуметтік» облигациялар – бұл корпоративтік облигациялар, оның мақсаты әлеуметтік мәселені жеңілдету және әлеуметтік салаға әсер ететін оң нәтижелерге қол жеткізу болып табылады. Дебюттік шығарылым аясында Холдинг орнықты даму саласындағы бағдарламаны мақұлдады және АХҚО Жасыл қаржы орталығынан (AIFC Green Finance Centre) оң пікір (Second Party Opinion) алды.

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша 2024 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдікпен несие беру көлемі 580 млрд теңгені құрады. 2025 жылы оны 700 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда. Осы мақсаттарға қараша айында алғашқы 100 млрд теңге бөлінді, қаржыландыруға өтінімдерді қабылдау 29 қарашадан бастап ашылды.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.