Қазақстанда агроклиматтық көміртекті полигон ашылды

Қазақстандағы алғашқы Kaz Agro Carbon агроклиматтық көміртекті полигон А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының негізінде ашылды. Жобаны ҚР Ұлттық Ғылым академиясы Ресей Ғылым академиясының Аграрлық экология федералдық ғылыми орталығымен бірлесіп іске қосты. Бұл туралы Ғылым Академиясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Полигон типтік агроландшафттық аумақта орналасып, экожүйелердің жағдайын жыл бойы бақылауға мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда топырақтағы көміртегі теңгерімін, CO₂ және CH₄ ағынын өлшейтін камералар мен сенсорлар орнатылған, сондай-ақ температура, ылғалдылық және жауын-шашын көрсеткіштерін тіркейтін метеорологиялық бекеттер жұмыс істейді», - деп атап өтті Академияда.

Сараптамалық бағалаулар бойынша Қазақстанда көміртекті секвестрлеу әлеуеті жылына 535 млн тоннаға дейін жетуі мүмкін. Көміртекті офсеттер саудасы жыл сайын ел экономикасына 25 млрд долларға дейін тартуға мүмкіндік береді, бұл орнықты даму мен экономикалық әлеуетті нығайту үшін жаңа келешектер ашады.

Академияда полигон фермерлер үшін тәжірибелік алаңға айналып, олар жиналған көміртегіні сертификаттау және көміртегі квоталау жүйесіне қатысу мүмкіндігіне ие болатыны атап өтілді. Бұл Қазақстанның көміртегі квоталары нарығына ресми түрде шығуына және экологиялық нәтижелерді нақты экономикалық табысқа айналдыруға жол ашады.

«Қазақстан топырақта және биомассада көміртекті секвестрлеу үшін кең мүмкіндіктерге ие. Жайылымдар мен егілмеген жерлердің едәуір аудандарын қалпына келтіруге және тиімді көміртегі резервуарлары ретінде пайдалануға болады. Осыған байланысты РҒА Аграрлық экология федералдық ғылыми орталығымен серіктестікте құрылған бұл көміртекті полигон азық-түлік қауіпсіздігі міндеттерін ұлттық климаттық стратегия мақсаттарымен біріктіруге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев.

Kaz Agro Carbon полигонында екі елдің ғалымдары шығарындыларды азайту және агроэкожүйелердегі көмірқышқыл газының сіңуін арттыру бойынша технологияларды әзірлеп, сынақтан өткізеді. Полигон Қазақстанда ашық мониторинг пен сертификаттау деректеріне негізделген көміртегі бірліктері нарығын қалыптастыруға мүмкіндік беріп, ішкі сауданы дамыту мен халықаралық климаттық механизмдерге интеграцияланудың негізін қалайды.

Фермерлер үшін полигон экологиялық және экономикалық артықшылықтарды біріктірудің маңызды құралына айналады, оларға ғылыми зерттеулер мен сынақтардың нәтижелерін нақты өндірістік жағдайларда пайдалануға практикалық мүмкіндік береді және көміртегі несиелері мен қосымша табыс алу үшін жинақталған көміртекті сертификаттау жүйесі мен шығарындыларды квоталау механизмдеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.