АШМ басшысы АӨК-ті дамыту тұжырымдамасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының құрамын атап өтті

АӨК-ті дамыту тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының құрамына фермерлер кірмеген, бірақ олар құжатты талқылау кезінде өз ұсыныстарын енгізе алады. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.

«Жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына «Атамекен»  ҰКП өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, «Атамекен» ұлттық палатасы төралқасының агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы Иван Сауэр, Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы Жигули Дайрабаев және Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының АӨК және тамақ өнеркәсібі департаментінің басқарушы директоры Нұрлыбек Мұқанов кірді», - деп хабарлады АШМ басшысы.

Ол осы құрамда жұмыс тобы бағдарламаның бірінші нұсқасын әзірлеуі тиіс екенін, содан кейін ол шаруа қожалықтарының өкілдері мен фермерлердің қатысуымен жұртшылықтың талқылауына қойылатынын нақтылады.

«Әзірге жұмыс тобында еңбеккерлер мен ұсақ фермерлердің мүдделерін қауымдастықтардың төрағасы ұсынады», - деп атап өтті С.Омаров.

Сонымен қатар, АШМ басшысы бағдарламалық құжатты әзірлеуге Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық - түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы-ФАО қатысатынын айтты. Тұжырымдаманы желтоқсанға дайындауды жоспарлап отыр.

АШМ ақпараты бойынша, құжаттың басты мақсаттарының бірі ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен толықтыру болып табылады. Осы міндет аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі кешенді жоспар жобасын әзірледі.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.