Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Фермерлер одағы: ауыл тұрғындарына қол жетімді несие берілсе, өздері қаражат табар еді
ҚР Президентінің Жолдауында айтылғандай ауыл тұрғындары мен фермерлерді қолдау арқылы Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді ұлғайтуға және осы сала қызметкерлерінің табысын арттыруға мүмкіндік береді. Аталған пікірді «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев айтты.
Қауымдастық басшысы атап өткендей, Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында сала өкілдері бірнеше рет айтқан мәселелерді атап өтті. Атап айтқандай, олар Қазақстан Фермерлер Одағының ҚР Президенті әкімшілігінің басшысына жолдаған хатында жазылған болатын.
«Бірінші мәселе ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне берілетін несиелеуге қатысты. Біз сондай-ақ шаруаларды техникамен қамтамасыз ету туралы үнемі айтып келеміз. Қазірдің өзінде АӨК-ті дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы бойынша өз ұсыныстарымызды айтатын боламыз. Себебі, алдағы уақытта бұл бағдарлама Қазақстан аграршыларының жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Жигули Дайрабаев.
Басқарма төрағасының айтуынша, жаңа Жолдауда аграрлық саланың толыққанды жұмыс істеуі үшін барлық жағдайды жасауға мүмкіндік беретін тапсырмалар бар. Олардың ең бастысы-фермерлерге ұзақ мерзімге және төмен пайызбен жеңілдетілген несие беру жайы айтылды.
«Біз Президенттің айтқанына толықтай қосыламыз. Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Асқар Мырзахметовтың бастамасымен халықтың табысын арттыру бойынша жобаны жалғастыру қажеттілігі туралы пікірін қолдаймыз. Бұл ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етудің ең жақсы тәсілі», - деп есептейді Жигули Дайрабаев.
Мәлімет бойынша, Қазақстанда 1,7 млн-ға жуық үй маңында орналасқан шаруашылық бар. Оларды тиімді қолдау ауыл тұрғындарына өз шаруашылығын жүргізуге, мал өсіруге, көкөніс өсіруге, халық тұтынатын тауарлар өндіруге мүмкіндік береді. Халыққа арзандау несие берілсе, олар қаражат таба бастайды. Аталған жоба Жамбыл облысында тиімді екендігін көрсетті, фермерлер қауымдастығы басқарма төрағасының пікірінше, оны басқа өңірлерде де қолдану қажет.
«Қазіргі кездің өзінде 11 ауылдық округ тұрғындары өз істерімен айналысуда. Жақында әуежайда Қарағандыға картоп тұқымын алу үшін келген Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесіп қалдым. Олар маған қазір ауданда егін жинау үшін жұмысшылар табу қиын екенін айтты, себебі қазір әркімнің айналысатын өз ісі бар. Әрине, кез-келген жобаның жетіспейтін тұстары болады, бірақ адам қателеспейінше, нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жұмыс істеу арқылы кемшіліктерді түзетуге болады», - деп атап өтті Жигули Дайрабаев.
Қазақстанда 212 мыңға жуық шаруа және фермер қожалықтары жұмыс істейді, бұдан басқа 16 мың агроқұрылымдар бар: ЖШС, ауыл шаруашылығы кооперативтері, агрофирмалар, өндірістік кооперативтер. Аграрлық сектордың 230 мыңға жуық субъектісі бар. Қауымдастық басшысы фермерлерді «осы қиын дағдарыс кезеңінде бір-бірін қолдауға» шақырды.
Айта кетейік, 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті. Миллиондаған ауыл тұрғындары өздерінің жеке аулаларын пайдаланып, табыс алуына мүмкіндік береді. Оларды өңірлік азық-түлік хабтарын құруға қатыстыру қажет.