Қазақстан -Ресей шекарасында фитосанитарлық бақылау күшейтілді

«Қазақстан-Ресей шекарасында фитосанитарлық бақылаудың күшейтілуі Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігі  мен Ресейдің ауылшаруашылығын қадағалау жөніндегі қызметінің бірлескен жұмысының нәтижесі болып отыр. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі  мәлімдеді. 

Мәліметтерге қарағанда биылғы 2020 жылдың басынан бері РФ аумағынан карантинге жабылған өнімді кіргізу бойынша 293 заң бұзушылық тіркелген, 10 млн. теңге көлемінде айыппұл салынған. Ресейдің ауылшаруашылығын қадағалау жөніндегі қызметіне 39 нотификация жіберілген.

Сондай-ақ 2020 жылы Қазақстан Республикасының кәсіпкерлері тарапынан заң бұзушылық жасағандығы жайлы нотификация келіп түспеген.

Ресей Федерациясының үкіметі Ресейдің ауылшаруашылығын қадағалау жөніндегі қызметіне Қазақстан-Ресей шекарасында фитосанитарлық бақылауды күшейтуге тапсырма берді.

ҚР Ауылшаруашылық минситрлігі фитосанитарлық бақылау ауыл шаруашылығы дақылдарына зиянкестердің залал келтіруіне жол бермеуге бағытталғанын түсіндіруде және аталған жұмыстардың күшейтілуі COVID-19 вирусының таралу қаупіне еш қатысы жоқ-  деп мәлімдеді.

 

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.