Мәжіліс депутаттары Бәйтерек пен ҚазАгроны реформалауды жария түрде жасауды талап етуде

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі жолдауында Бәйтерек және ҚазАгро холдингтерін біріктіруді тапсырды. Үш айға жуық уақыт өтті, алайда елдегі ең ірі қаржы институттары жайлы нақты ақпарат жоқ. Сондықтан Мәжіліс депутаттарының бір тобы Қазақстан Халық партиясы фракциясының атынан премьер-Министрге осы процестің жария түрде өткізілуі туралы сауал жолдады.

 «Бәйтерек және ҚазАгро холдингтерін біріктіру барысы туралы, сондай-ақ екі субъект бойынша, оның барлық еншілес құрылымдары бойынша проблемалық қарыздардың деңгейі жайлы ақпарат берулеріңізді сұраймыз. Оларды реформалау процесі де жария түрде және ғылыми негізделген болуы тиіс деп есептейміз, өйткені, мәселе мемлекеттік қаражат туралы болып отыр», - деп мәлімдеді депутаттар атынан сөйлеген Айқын Қоңыров.

Депутаттардың пікірінше, қаржы институттарын біріктіріп қана қоймай, аталған ұйымдардың жұмысын ұйымдастыруды да қайта қарастыру қажет. Олар жекелеген жобаларды таңдап қаржыландырумен шектелмей, өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешенді инновациялық дамыту үшін жүйе құруға бағытталуы керек.

Сонымен бірге 17 қарашада «Ашық НҚА» порталында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингін «ҚазАгро» холдингіне кіру арқылы қайта құруды қарастыратын үкімет қаулысының жобасы орналастырылды.

«Бәйтерек» холдингін «ҚазАгро» холдингінің барлық меншігінің, құқықтары мен міндеттерінің заңды мұрагері болып табылады», - деп көрсетілген  құжатта.     

Аталған қарар жобасын қоғамдық талқылау 2 желтоқсанға дейін жалғасады.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің түсіндірме жазбасында холдингтердің бірігуі портфельдік компаниялардың екі есеге қысқаруын және «Бәйтерек» холдингін бірыңғай даму институты ретінде анықтай отырып, штаттық кестеге сәйкес түзетулер енгізуді білдіреді.

Еске сала кетейік: активтер мен инвестициялар жөніндегі басқарушы директоры, ҚазАгро Басқармасының мүшесі Асылхан Джувашев қазан айының соңында  хабарлағандай, екі холдингті біріктіру тұжырымдамасы әлі талқыланып жатыр. Сонымен бірге, ҚазАгро холдинг біріккен жағдайда да агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландырудың мамандандырылған блогы жұмыс істеуін жалғастыратын болады.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.