Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
ЕЭК сүт өнімдерін міндетті түрде таңбалауды енгізу мерзімін белгілейді
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесі таңбалауға жататын сүт өнімдері түрлерінің тізімін бекітті, сонымен қатар таңбаланбаған тауарларды саудаға шығаруға қатаң түрде тыйым салынады. Бұл туралы ЕЭК алқасы төрағасының көмекшісі Ия Малкина хабарлады.
Ия Малкинаның мәлімдеуінше, аталған құжат бүкіл Одақ бойынша тауарларды міндетті түрде таңбалауды енгізу үш кезеңнен тұрады.
- 2021 жылдың 1 маусымына дейін – ірімшік, балмұздақ және құрамында какаосы бар басқада мұз өнімдері
- 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін- сақтау мерзімі 40 күннен асатын сүт өнімдері: сүт, кілегей, йогурт, айран, сүзбе, май
- 2021 жылдың 1 желтоқсанына дейін- сақтау мерзімі 40 күнге дейін болатын, сүт өнімдері
Тақырыпқа байланысты оқу: Атамекен ішкі нарықта сүт өнімдерін таңбаламауды ұсынады
Сонымен қатар, Кеңестің шешімімен таңбалауды қажет етпейтін өнімдер тізімі анықталды. Атап айтқанда, бұл үш жасқа дейінгі балаларға арналған нәрестелердің тамағы. Сондай-ақ, өнімдердің қалдықтарын таңбалаудың қажеті жоқ
«Одаққа мүше елдер өнімдерді таңбалауды енгізу мерзімін өздері анықтайды. Ал таңбаланбаған сүт өнімдерін сатуға шығарудың мерзімін енгізу туралы шешімдерді Ресей Федерациясында қабылданды», - деп қорытындылады И.Малкина.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстандағы тамақ өндірушілер мен сала қауымдастықтары сүт өнімдерін таңбалауға қарсы болды, себебі бұл тауарлардың өзіндік құнына әсер етеді. Алдын ала есептеулер бойынша тек сүт өнімдеріне цифрлық кодтарды сатып алу үшін жыл сайын 3,3 млрд теңге шығын кетеді. Сондай-ақ, барлық өндірушілер құралдарды сатып алуға қосымша шығын тағы жұмсайды, әрине олардың бағасы өте қымбат және оның көлемі кәсіпорнның екі жылда түсіретін кірісімен бірдей болады.
Сонымен қатар, қазақстандық өндірушілердің пікірінше, сүт өнімдерін таңбалау Ресейлік өндірушілерге бәсекелестікте артықшылық жасайды.