Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Экспорттаушылар Қытайға астықты мерзімінде жеткізбегендері үшін айыппұл төлейді
Қазақстандық астық экспорттаушы кәсіпорындар қытайлық серіктестерінен өнімді жеткізу мерзімін бұзғаны үшін айыппұл төлеу туралы ескертулер ала бастады. Алайда қазіргі уақытта жауапты мекемелер мен ұлттық теміржол тасымалдау комитеті Қытаймен шекарадағы жиналып тұрған вагондар мәселесін шешіп жатыр. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлады.
Отандық өнімдерді жеткізушілер форс-мажорлық жағдайды растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда, ҚХР- тарапындағы серіктестердің айыппұлдарынан құтыла алады. Қазақстанның сыртқы сауда палатасы форс-мажорлық жағдайларды тіркеу үшін енгізілген шектеулер туралы ресми қаулы қажет деп түсіндірді. Осы жағдайға байланысты «Атамекен» ҰКП Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігін Қытаймен шекарада тұрған жүк вагондарының кешігуі растап, ресми хат беруін талап етуде.
Жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау мәселесін шешу жөніндегі кеңесте «Северное зерно» ЖШС басшысы Евгений Карабанов мәлімдегендей, компанияның Достық станциясына барар жолда 17 вагоны тұр, олардың кейбірі 42 тәуліктен астам уақыттан бері тоқтап тұр.
«Көліктердің бір бөлігі Достық бекетінде, бір бөлігі Нұр-Сұлтанда және Ақкөлде қозғалмай тұр. Бізде қазақстандық тараптан да, қытайлықтардан да ресми ешқандай құжат жоқ. Ресми хат болмаса, форс-мажор ережелері қолданылмайды, ал мемлекеттік органдар түсініктеме бермейді. Өкінішке орай, ҚТЖ мемлекеттік орган емес, олардан алынған құжат форс-мажорлық жағдайды растауға негіз бола алмайды. Біз жарты жылдан бері экспорттаушыларға Қытай тарапы вагондарды қабылдамай жатыр деген құжат беріңіздер деп айтудамыз», - деп Евгений Карабанов ҚР ИИДМ-ге жүгінді.
Сондай-ақ Атамекен кәсіпкерлер палатасы «Азық-түлік корпорация» ұлттық компаниясы қазан айында Қытайға 438 вагон жіберген, бірақ шекарадан тек 60 вагон ғана өтті деп хабарлады.
Қазақстан астық одағының өкілі Шоқан Бадыханның айтуынша, бұл бір айдың ішінде туындаған қиындық емес, қазақстандық кәсіпкерлер келісімшарттағы міндеттемелерді орындамағаны үшін айыппұл төлейді.
«Бұл жағдай 2021 жылдың бірінші тоқсанында осы күде болып,күн тәртібінде қалады және бұл біздің жұмысымызды қиындатады деген ақпарат бар», - деді ол.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясының тасымалдауды жоспарлау жөніндегі атқарушы директоры Нұржан Келбұғанов қазақстандық тарапта вагондарды өткізуде ешқандай мәселенің жоқ екенін айтты. Тек жабық вагондарға тиелген астық пен майлы дақылдарды өткізуге тыйым салынған, Қытай тарапы жабық вагондарды қабылдаудан бас тартып отырғанын жеткізді.
«Біздің вагондарды Қытай тарапы қабылдамай жатыр. Мұның себебі ҚХР тарапының ковидке қарсы шекарадағы шектеулерімен байланысты: олар жүк тиейтіндерден ПТР сынақ алады, жүктерді тексереді. Жалпы, компания жиналып тұрған вагондарды азайту үшін, біршама шаралар қолданды. 15 қарашадан бастап көліктерді өткізу тәулігіне 6-7 пойызға төмендеген кезде біз 12-13 пойыз өткізу туралы нәтижеге қол жеткіздік, бұл тәулігіне 450-500 вагон. Біз Қытай темір жолымен үнемі байланыстамыз, алайда мәселе әлі шешілген жоқ», - деді Нұржан Келбұғанов.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қытай Қазақстаннан астық тиелген вагондарды қабылдай бастады
ҚТЖ басшылығы ҚХР үкіметімен байланысуды жоспарлап отыр.
«Атамекен» ҰКП Көлік комитеті мен Сыртқы істер министрлігіне бірнеше рет өтініш айтып жүгінді. Сондай-ақ үкіметке Қытайдың үкімет басшыларымен келіссөздер жүргізу туралы өтініш жазып хат жіберген.
«Біз КХР-дағы Қазақстан елшісінен және ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәселені шешуге көмектесуді өтіндік және бізге КХР-дан тыйым салу қай күнге дейін жалғасатынын көрсететін құжат беруді сұрадық. Кәсіпкерлер қытайлық серіктестерімен байланыста сол құжатты көрсетте алулары үшін және айыппұл төлеудің алдын алу мақсатында. Бірақ біз ешқандай ресми құжаттарды алған жоқпыз», - деді «Атамекен» ҚР ҰКП-ның логистика және тасымалдау бөлімінің сарапшысы Дархан Мұратханов.
Айта кетер жағдай, ҚХР-дың көлік саласындағы уәкілетті органнан теміржол тасымалының қиындықтарын растайтын ресми құжаттар әлі күнге жоқ.
Кездесу қорытындысы бойынша ҚР ІІМ Көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов ведомство шекарадағы қазіргі жағдай туралы арнайы хат дайындап, оны қытайлық серіктестермен келіссөздер жүргізу үшін ресми құжат ретінде кәсіпкерлерге жіберетіндігін айтты.