«Егістіктен дүкен сөресіне дейін» пилоттық жобасына 2 600-ден астам фермер қатысты

2020 жылы Қазақстанның оңтүстіктегі үш облысында басталған «Егістіктен дүкен сөресіне дейін» пилоттық жобасына 2 600-ден астам ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен 82 сауда нысандары қатысты. Биыл шілде айында жобаны барлық аймақтарда іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов мәжіліс депутаттарының сауалына жауап бере отырып мәлімдеді.

Өткен жылы осындай жоба Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында фермерлерге және сауда желілеріне жеңілдікпен несие беру түрінде жүзеге асырылды.

«Бұл жоба аясында 2 500 жеке шаруашылықтар, 31 шаруа қожалықтары, 73 ауыл шаруашылық тауар өндірушілері, 10 қайта өңдеу кәсіпорны, 13 жеке кәсіпкер және 82 сауда нысаны қатысты», - деп хабарлады вице-премьер.

Атап айтқанда, Алматы облысында 35 ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен 4 қайта өңдеу кәсіпорнына несие берілді. 39 жеткізуші мен 22 бөлшек сауда орындары арасында келісімі жасалды (MAGNUM CASH & CARRY желісінің 3 сауда нүктесі, «Сабыржан Company» ЖШС 12 сауда нүктесі, Toimart желісінің 4 сауда нүктесі және 3 дүкен), делдалдардың қатысуынсыз сауда саттық ұйымдастырылды.

Тақырыпқа байланысты оқу: Иван Сауэр: Фермерлер мен сауда нүктелерінің арасында үлкен алшақтық бар

Жамбыл облысында 3 сауда желісі жеңілдікпен несие алды: «Вкусная Корзинка» ЖШС (29 дүкен), «Байлык-2014» ЖК (5 дүкен) және «Империя» ЖК (6 павильон). Олар 7 ауыл шаруашылық кооперативтерінің өнімдерін сатады (олардың құрамына 2 500 ЖШ). 4 ауыл шаруашылық тауар өндірушілері, сондай-ақ 15 ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінен сүт өнімдерін сатып алатын қайта өңдейтін 2 кәсіпорын бар. Сонымен қатар, 13 тауар жеткізуші компаниялар және сауда орындары арасында келісімдер жасалды.

Түркістан облысында ет пен сүтті қайта өңдейтін 4 кәсіпорынға несие берілді, олар 53 өндірушінің өнімдерін сатып алады: 9 ауыл шаруашылық тауар өндірушілері, 31 шаруа қожалығы және 13 жеке кәсіпкер, 4 жеткізуші компания мен 57 сауда орны (22 супермаркет, 5 базар және 30 әлеуметтік дүкен) арасында тауарларды сату ұйымдастырылды.

«Жалпы, аталған жоба аясында ауыл шаруашылық өнімдерін тікелей сатып алу-сату жұмыстары жасалады, сондай-ақ ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің аудандарға кедергісіз қол жетімді болуы арқылы кооперативтік тізбекті дамыту жүйесін жасалады», - деді Әлихан Смайылов.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.