Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Петропавлда сауда хабы құрылады
Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылық өнімдерін және басқа тауарларды көршілес елдерге сату, ең негізгісі Ресеймен сауда жасау үшін логистикалық хаб құрылады. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов хабарлады.
«Аталған жоба екі кезеңде жүзеге асырылады: бірінші кезеңде - Ұлттық тауарларды тарату жүйесін (ҰТЖ) құру бойынша көтерме тарату орталығын салу. Екінші кезеңде оны әрі қарай сауда-логистикалық хабқа айналдыру жоспары тұр», - деді Сауда министрлігінің басшысы.
Оның мәлімдеуінше қазіргі таңда Ұлттық экономика министрлігі ҰТЖ құрудың бірінші кезеңінің экономикалық жақтарын қарастырып, аяқтауға жақын. Бұл жобаның құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айына жоспарланған. ҰТЖ -ны қалыптастырудың екінші кезеңінде Қазақстанда жеті көтерме сату орталығын салу, оның ішінде Петропавлдағы КТО- ны ашу мәселесі бар.
Тақырапқа байланысты оқу: ҚР көрші елдерге ауыл шаруашылық өнімдерін жеткісу логистикасын біріктіруді ұсынуда
Сауда министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасының солтүстік аймақтарының Ресей Федерациясының Сібір, Солтүстік және Қиыр Шығыс аймақтарына экспорттық әлеуеті шамамен $1 млрд құрайды.Осыған байланысты Петропавлдағы КТО-ны өндірістік, сауда және логистикалық хаб ретінде одан әрі дамытылады деп күтілуде.
«Бұл хабты Қазақстанның солтүстік аймақтарынан ауыл шаруашылық өнімдерін, сондай-ақ пайдалы қазбалар, көмір, цемент және басқа тауарларды тиеуге қолдануды ұсынамыз. Сондай-ақ, хаб ресейлік кәсіпорындармен ынтымақтастықта жұмыс істейтін болады. Ал басқа көршілес елдермен сауда байланысын қамтамасыз ететін орын болады деп жоспарлануда», - деді Бақыт Сұлтанов.
Министр Солтүстік Қазақстан облысында 592,3 мың тонна картоп және 37 мың тонна сәбіз өндірілетінін атап өтті. Петропавлда салынатын КТО -50 км радиустағы ауыл шаруашылық тауар өндірушілері үшін өнімдерін сақтайтын қойма болады.
«Аталған сауда-логистикалық хабтың құрылуы аймақты, өндірісті дамытып, жаңа өнім түрлерін өндіруді игеруге, облыстағы ауыл шаруашылық өнімдерін сақтауға және инвестицияларды тартуға жақсы ықпал ететін болады», - деп қорытындылады сөзін Сауда министрлігінің басшысы.
Тақырыпқа байланысты оқу: ҰТЖ-ны іске қосқан кезде ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорттық әлеуеті 1,4 млн тоннаға дейін өседі
Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров үш жыл ішінде Солтүстік Қазақстанда қуаттылығы 36 мың тонна сүт өндіретін 12 сүт кешені және 3 бордақылау орны пайдалануға берілгенін хабарлады. Бұрын салынған Тайыншы ет комбинаты жаңартылды, «BioOperations» ЖШС негізгі кәсіпорын ретінде астық өндіретін және қайта өңдейтін экожүйе құрылатын болады.
Алдағы бес жылда облыста жалпы қуаттылығы 29,8 мың бас мал ұстайтын 52 сүт фермасын ашу, үш мал бордақылау орнын, екі құс фабрикасын, жем фабрикасы, жылыжай кешені, май шығаратын зауыттар салу жоспарлануда. Сонымен қатар жартылай дайындалған өнімдер жасайтын зауыт ашылатын болады.
Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы бес жыл ішінде облыстың агроөнеркәсіптік кешеніне 575 млрд теңге жеке инвестицияны салуға мүмкіндік береді, оның ішінде биыл 129,8 млрд теңге қаражат жұмсалатын болады.