Қазақстанда егін егу науқаны аяқталды

Көктемгі егіс жұмыстары 3 маусымда аяқталды. 2021 жылы егіс алқабы 78,2 мың га - ға, 22,7 млн га-ға дейін ұлғайтылды, жаздық егіс алаңы 19 млн га болды, оның ішінде дәнді дақылдар-15,2 млн га. Бұл ақпараты бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров хабарлады.

«Тиімділігі жоғары дақылдар егілді, сондай-ақ импортты алмастыруға бағытталған дақылдар себіліп, алқаптардың құрылымын әртараптандыру бойынша жұмыс жүргізілді. Майлы дақылдар алқабы 11,9 мың гектарға, көкөніс – бақша дақылдары – 10,6 мың гектарға, картоп – 5,8 мың гектарға, жемшөп дақылдары - 104,2 мың гектарға ұлғайтылды», - деді Ауыл шаруашылығы министрі.

Тақырыпқа байланысты оқуМайлы дақылдардың бағасы төмендеуі мүмкін

Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру мақсатында күріш пен мақта егісін біртіндеп қысқарту жүргізілуде. Күріш алқабы 8,1 мың гектарға, мақта алқабы 18 мың гектарға қысқартылды.

Сонымен қатар, ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен қанықтыру үшін қарақұмық, картоп, қант қызылшасы алаңдарын кеңейту бойынша нақты жұмыс жүргізілді.

«Егіс науқанының қорытындысы бойынша, қарақұмық алқабы 39 мың га, картоп 5,8 мың га, қант қызылшасының алаңы өткен жылдың деңгейінен 1 мың гектарға артық ұлғайтылды. Аталған дақылдар өндірісін арттыру ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар ауыл шаруашылығы өнімдерімен толықтыруға және отандық қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмысын қамтамасыз етуге ықпал ететін болады. Сонымен қатар, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Алматы облыстары әкімдіктерінің қарақұмық саласындағы, сондай-ақ Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарындағы картоп бойынша жұмысының төмендігін атап өтеміз»,-деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.

2021 жылы шамамен 2,5 млн тонна тұқым дайындалды, олардың жартысынан астамы қазақстандық селекцияға жатады. Мемлекеттік қолдау нәтижесінде сапасы төмен тұқымдарды пайдалану пайызы 2016-2020 жылдары 7,2% - ға дейін төмендеді, элиталық өнімдерді қолдану үлесі 6,8% - ға жетті.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, Солтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы барлық пайдаланылған тұқымдар үшінші репродукциядан төмен болған жоқ. Сондай-ақ, мұндай жоғары сұрыпты тұқымдарды көп пайдаланған- Батыс Қазақстан (99,2%) және Алматы (98,7%) облыстары болды.

Ағымдағы жылы облыстардың жергілікті бюджеттерінде тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 11,7 млрд теңге, республикалық бюджеттен қосымша 4,3 млрд теңге бөлінді.

Тақырыпқа байланысты оқуҚазақстанда картоп тұқымын себу бойынша тәжірибе жасалатын болады

Сонымен қатар, тыңайтқыштарды қолдану көлемін арттыру үшін 30,9 млрд теңге бөлінді, бұл оларды енгізу көлемін ғылыми қажеттіліктің 25% - ына дейін жеткізуге мүмкіндік береді. 4 маусымдағы жағдай бойынша аграршыларға 405,3 мың тонна минералды тыңайтқыштар жеткізілді (жоспардың 63%), сондай-ақ сақтау қоймаларында тағы 29,4 мың тонна бар. Тыңайтқыштарды жеткізу жұмыстары одан әрі жалғасуда, күзгі жер жырту кезінде де жерге тыңайтқыштар себілетін болады.

Жалпы, көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру 128 млрд теңгені құрады, оның ішінде Аграрлық несие корпорациясы 70 млрд теңге, Қаржылық қолдау қоры 854 млн теңге берді.

Азық-түлік корпорациясының сатып алған сомасы 47 млрд теңгені құрайды. Бидай, арпа, күнбағыс, рапс, зығыр, қарақұмық, сұлы және сояға 743 мың тонна көлемінде форвардтық келісімшарттар жасалды.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.