Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
АӨК мемлекеттік инспекция комитетімен WhatsApp арқылы хабарласуға болады
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің АӨК мемлекеттік инспекция комитеті кәсіпкерлермен байланысу үшін WhatsApp-та арнайы телефон нөмірін жариялады, деп хабарлады ведомстваның баспасөз қызметі.
Хабарламада айтылғандай, төтенше жағдай мен карантиндік режимнің енгізілуіне байланысты ҚР АШМ –нің АӨК мемлекеттік инспекция комитеті кәсіпкерлермен мәселелерді шешу үшін WhatsApp-та арнайы нөмір ашты. Осы нөмірге хабарласып фитосанитария және карантин, экспорт және импорт жағдайын, карантин салынған өнімдер туралы анықтап білуге болады. Жоғарыда аталған мәселелер бойынша кеңес алу үшін WhatsApp-қа мына телефон нөміріне +7-707-500-25-46 хабарласып білуге болады.
Себебі қазіргі жағдайда АӨК-тің мемлекеттік инспекция комитеті қызметкерлері түгелдей қашықтықтан жұмыс істеу тәртібіне көшірілген. Көрсетілген нөмірге хабарласып, жазған хаттарының жауабын, фитосанитария және карантин қауіпсіздігі жайлы ұсыныстар мен мәселелер, экспорт және импорт жағдайы мен карантин салынған өнімдер туралы анықтап білуге болады. Сонымен қатар БАЕЖ порталына жіберген өтінімдері жайлы да жауап алуға мүмкіндік бар.
АӨК-тің мемлекеттік инспекция комитетінің жұмыс тобы жедел түрде мәселелерді қарастырады.