Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақстанның бастамасы бойынша ЕАЭО-ға мүше елдердің маңызды ауыл шаруашылық тауарлары үшін импорттық баж салығы нөлге теңестірілді
Еуразиылық экономикалық комиссия кеңесі Қазықстанның қабылдаған шешімін, кейбір маңызды ауыл шаруашылық тауарларын импорттауға нөлдік кеден салығын белгілеу туралы бастамасын қолдады.
Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Премьер –министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарламада айтылғандай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің қарауына картоп, пияз, сарымсақ, қырыққабат, сәбіз, бұрыш, қара бидай, ұзын дәнді күріш, қарақұмық, қарақұмық жармасы, балаларға арналған дайын тамақ өнімдері, ана сүтін алмастыратын тағамдар, балаларға арналған шырындар, оларды өңдеуге арналған дәрілік заттар мен шикізаттар, COVID-2019 коронавирусының алдын алу және емдеу үшін қажетті медициналық бұйымдар мен медициналық мақсаттағы жабдықтар импортына кеденде нөлдік баж салығы қолданылатын болады. Кеңес бұл ұсынысты қолдады.
«Қазіргі уақытта, көктем маусымында көкөніс мөлшері азайған, сондай-ақ қорғануға қажет жеке құралдар мен дәрілік заттарға деген сұраныс жоғары болып тұр. Мұндай жағдайда қабылданған шешім халық үшін артық шығынды қысқартуға көмектеседі»,- деп атап өтті Еуразиылық экономикалық комиссия кеңесінің мүшесі Алихан Смаилов.
Бұл кедендік баж салығын азайту 2020 жылдың 30 маусымына дейін қолданылады, ал дәрілік заттар мен шикізаттар, медициналық бұйымдар мен медициналық мақсаттағы жабдықтар импортына кеденде нөлдік баж салығы 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін қолданылады, қажет болған жағдайда шешім ұзартылуы мүмкін.