ҚР-да тамақ өнімдері мен азықтарды талдауға арналған зертханалар ашылады

Қазақстандағы тамақ, сүт және азық өнімдерін экспорттаушылар өз өнімдерінің сапасын растай алады. Ол үшін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің (ҚАТУ) базасында ашу үшін екі жаңа зертхана дайындалуда. Бұл туралы бүгін халық алдындағы есеп беру кездесуде Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

Сауда министрлігі басшысының айтуынша, биыл Қазақстанда бірнеше зертхана ашылады, оның ішінде ҚАТУ базасында биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Қазақстан-Қытай зертханасы да ашылатын болады.

«Аталған зертхана Қытаймен сауда кезіедегі өзара техникалық кедергілерді жою үшін құрылған. Ол «бір белдеу, бір жол» бағдарламасы зертханаларының тізіміне енгізілген және жақын арада ҚХР-да аккредитация алуды жоспарлап отыр. Біз әріптестерімізбен тиісті жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді министр.

Тақырыпқа байланысты оқуҚытай және Қазақстан елдері бірлесіп трансшегералық аймақтағы мал ауруларының түрлерін анықтауда

Сондай-ақ, оның айтуынша, алдағы жылдары университет тағы екі зертхананы аккредиттеуге дайындалып жатыр. Олардың бірі - жемшөп пен сүтті зоотехникалық талаптар бойынша талдайтын болады, екіншісі-шикізат пен тамақ өнімдерінің тағамдық қауіпсіздігі бойынша зертхана болады.

«Бұрын бұл зерттеулерді біздің кәсіпкерлер шетелде жүргізген, бұл үлкен қаражат пен уақытты қажет етеді. Бүгінде бұл зертхана Қазақстанда орналасқан. Біз кәсіпкерлерімізге ҚХР нарығына тезірек енуге көмектесетін боламыз», - деп атап өтті Бақыт Сұлтанов. 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.