Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Синоптиктер Қазақстанда ауа райы аграрлық сала үшін қолайлы болады деген болжам айтуда
Қазгидромет алдағы аграрлық маусымға (сәуір айынан бастап қазан айына дейін) арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамы бойынша, көктем жылы әрі жауын шашынды болады. Бұл көктемгі егін егу жұмыстары үшін қолайлы болмақ.
Тақырыпты оқу: Қазақстандағы егін егу жұмыстарының хроникасы (жаңартылады)
Сәуір айында елдің шығыс бөлігінде ауа райы температурасы нормадан 1°С жоғары болады, ал батыста сол нормаға сәйкес болады. Мамыр айында Қазақстанның оңтүстік-батыс бөлігінде 1°С артық жылы болады. Сондай-ақ республиканың солтүстік- шығыс бөлігінде температура сол қалпында қалады. Ал Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райы бір градусқа салқындап, төмендейді.
Елдің батыс және шығыс бөліктерінде жаз мезгілі сол бірқалыпты температурада болады. Ал басқа аймақтарда ауа райы 1°С артып, жылы болады деп күтілуде.
Республикадағы жауын-шашын мөлшері туралы айтар болсақ, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарда маусым айында сол нормаға сәйкес қалпында болады. Ал Қазақстанның қалған бөліктеріне ылғал мөлшері нормадан аз түседі.
Синоптиктердің болжамы бойынша, биылғы жаз қатты ыстық болмайды, бірақ жаңбырлы болады. Аграршылар үшін ең маңызды шілде айы ауылшаруашылық дақылдарын өсіру үшін қолайлы болмақ. Ал тамыз айында батыс пен солтүстік-батыста температура нормадан 1°С-қа артады, бұл дақылдардың пісіп жетілуі үшін жақсы жағдай болып саналады.
Тақырыпты оқу: ҚазАТУ ғалымдары өнім шығынын қалай қысқарту керектігін айтты
Биылғы жылы күзге дейін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері әдеттегі нормадан аз болады. Сонымен қатар, ауа райы жылы болады. Сондықтан да ауа райы қолайлы болып, ешқандай кедергі болмауы тиіс. Қазан айында егін жинау науқаны аяқталған кезде, елдің солтүстік-батыс бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болады деп күтілуде. Оңтүстік - шығыста жаңбыр бір қалыпты деңгейде, солтүстік, орталық, оңтүстік-батыс аймақтардың басым бөлігінде ылғал қалыпты нормадан аз болады деген болжам бар.
Синоптиктердің айтуы бойынша, айтылған болжамдардың 60-65%-дайы, яғни жартысы делік орындалып жатады.
Тақырыпты оқу: Қиын қыстау кездегі ақпарат тәрізді: Қазақстан аграршылары дағдарыс жағдайына дайындалуд