Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақстан Ресейге қырыққабатты экспорттай бастады
Қазақстан ЕАЭО елдеріне қырыққабатты экспорттауға ешқандай да шектеу қойған жоқ. Сәрсенбі, 9 сәуір күні ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі осындай мәлімдеме жасады. Себебі осыған дейін фитосанитарлық сертификат беруден бас татртқан өкілдікке көптеген фермерлер шағымданған еді.
«Әлеуметтік желіде еліміздің оңтүстік аймақтарындағы аграршылар мен кәсіпкерлер қырыққабатты экспорттай алмай отырғандығы жайлы бейнероликтер мен жазбалар жарияланды. Осы жағдайға байланысты ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі қырыққабатты сыртқа шығаруға болатындығын хабарлады. Аталған тыйым тек ЕАЭО құрамына кірмейтін үшінші елдерге ғана қолданылады, деп айтылды. Бұл шектеу шаралары Қазақстан азаматтарын отандық ауыл шаруашылық өнімдерімен тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін енгізілді», — деді аграрлық ведомствоның баспасөз қызметі.
ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің мәліметі бойынша небәрі осы екі күн ішінде 5-6 ақпан аралығында 1 702 т қырыққабатты экспорттауға байланысты 105 өтініш келіп түскен. Барлық өтінім қанағаттандырылып, сертификаттар берілген.
Қазақстан көкөніс және картоп одағының төрағасы Қайрат Бисетаевтың ElDala.kz-ке берген сұхбатында айтылғандай қазақстандық қырыққабат Ресейдің елімізбен шекаралас аудандарының нарығына экспортталады. Жыл сайын жіберілетін аталған көкөніс мөлшері 8 мың тоннаны құрайды.
Тақырыпты оқу: Қазақстандық экспорттаушылар сыртқы нарыққа сату мүмкіндігін жібергісі келмейді