1,3 млрд теңге субсидияға байланысты Маревен Фуд Тянь-Шаньға қарсы тергеу ісі жабылды

Бас прокуратура «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясының азық-түлік өндірісін ашуға байланысты бөлінген 1,3 млрд теңге көлемінде инвестициялық субсидиялар алуын заңды деп тапты. Компанияға қатысты тергеу ісінде қылмыстың әрекеттің болмауына байланысты қадағалау ведомствосының нұсқауы бойынша тергеу тоқтатылды. Бұл туралы компания басшысы көмек сұраған Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл хабарлады.

Омбудсмен Рустам Жүрсінов Бас прокуратураға жүгінгеннен кейін «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС қызметкерлеріне қатысты қылмыстық қудалау 2021 жылдың 16 шілдесінде тоқтатылды.

«ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық іс материалдарын зерттеп, «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС тарапынан жобаға 10,5 млрд теңге инвестиция салынғанын, оның ішінде мемлекет тарапынан субсидия ретінде 1,3 млрд теңге өтелгенін анықтады. Бұл ретте субсидия алу үшін ұсынылған «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС құжаттамасы жобаның өндірістік қуаты және онымен өзара байланысты жабдықтар сатып алу туралы шынайы мәліметтер екендігі анықталды. Жалпы, бұл «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС қызметкерлерінің әрекетінде құқыққа қайшылықтың жоқтығын растайды», - деп хабарлады омбудсмен кеңсесінде.

Тақырыпқа байланысты оқуАлматы облысында орналасқан лапша өндіруші компания өнім шығаруды екі есеге арттырды

Инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектісі шеккен шығындардың бір бөлігін өтеуге арналған Qoldau.kz ақпараттық жүйесіндегі өтінімді компания 2019 жылы берді. Қапшағайда тамақ өнімдерін және жартылай фабрикаттарды өндіру зауытын салу кезінде жұмсалған шығындар субсидиялауға жатады. Сол жылдың қараша айында кәсіпорынға 1 302 450 мың теңге көлемінде инвестициялық субсидиялар төленді. Бірақ 2020 жылдың шілдесінде облыстық Экономикалық тергеу департаменті компания басшылығына қатысты аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Аталған жылдың қыркүйек айында тергеу Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасарының қаулысымен тоқтатылды. Ал 2021 жылдың ақпан айында Алматы облысы прокурорының қаулысы негізінде Ішкі мемлекеттік аудит департаментін қатыстыра отырып, ЖШС субсидиялауды тексеру үшін аудит жүргізілді.

«Өз қорытындысында маман Алматы облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына қатысты 2021 жылдың сәуір айында қылмыстық іс қозғауға себеп болған 498 900 000 теңге субсидияның негізсіз төленгенін айтты. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаудың басқа себебі ауыл шаруашылығы вице-министрінің субсидия берудің негізсіздігі туралы хаты болды», - деп түсіндірді омбудсмен.

Алайда, Бас прокуратураның кейінгі тексерісі субсидиялардың негізсіз есептелгенін растамады. Осылайша, «Маревен Фуд Тянь-Шань» қызметкерлеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.