Жеке шаруашылықты қолдаудың Жамбылдық тәжірибесі АӨК-тің Ұлттық жобасына енгізіледі
Жамбыл облысында 2019 жылы ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған пилоттық жоба басталды. Үкіметтің бағалауы бойынша, аталған жобаның тиімділігі жоғары болды, содан әрі ол Қазақстанның басқа өңірлерінде іске асырылатын болады. Бұл мәселе бүгін үкімет отырысында талқыланды.
Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашүкеев хабарлағандай, 2021 жылдың маусым айында Президент Әкімшілігі, орталық мемлекеттік органдар және «Атамекен» өкілдерінен құралған ведомствоаралық топ пилоттық жобаны іске асырудың қорытындыларын талдады. Жобаға қатысушылармен болған кездесулердің нәтижелері бойынша жобаның жақсы нәтижелері қарастырылды.
«Биылғы жылдың 10 шілдесінде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Президентінің берген тапсырмасын орындау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірленіп жатқан 2021-2025 жылдарға арналған АӨК дамыту жөніндегі ұлттық жобаға Жамбыл облысында ауыл халқының табысын Қазақстанның барлық өңірлеріне арттыру бойынша жобаны одан әрі кеңейтуді енгізді. Бүгінгі таңда Ұлттық жоба мемлекеттік органдарда келісу рәсімінен өтуде», - деді Ербол Қарашүкеев.
Тақырыпқа байланысты оқу: Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-ті дамытудың екі бағдарламасын құрастырды
Алдын ала жасалған жоба бойынша Қазақстанның барлық өңірлерінде 195 мың фермерлік шаруашылықты (Жеке шаруашылықтардың жалпы санынан 12%) қаржыландыру қажет.
Бұл көрсеткіш мемлекеттік бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып түзетіледі. 2022 жылы 163 млрд теңгеге қаржыландыруға есептеліп отыр.
Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы Ербол Қарашүкеевтің айтуынша, жеке шаруашылықтарды қаржыландыру шарттары жеңілдікпен жасалатын болады: қарыздың орташа сомасы - 4 млн теңгеге дейін, қарыз мерзімі - 7 жылға дейін, қарыздар бойынша мөлшерлеме - жылдық 2,5%.
«Жобаны табысты түрде кеңейту үшін облыс әкімдіктеріне біріншіден, Жамбыл облысының тәжірибесіне сүйене отырып, өңірдің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары арқылы сенімді агент-қызметкерлер арқылы шағын несиелендіру ерекшеліктерін сараптау қажет. Берілетін несиелерді қайтармағаны үшін әкімдік жауапты болатынын түсінуіміз керек. Екіншіден, жобаны іске асыру шарттары бойынша ауылдық округтердің тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Үшіншіден, өңірдегі мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамытудың әлеуетін, ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етілу деңгейін, сондай-ақ өндірілген өнімді өткізу мүмкіндігін талдау қажет», - деп атап өтті Ербол Қарашүкеев.
Сондай-ақ әкімдіктер «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп әлеуетті қарыз алушылардың алдын ала пулын қарастырып талқылауы қажет.
Тақырыпқа байланысты: «Байтерек» арқылы АӨК инвестициялық жобаларына 100 млрд теңге бөлінеді
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, ауылдық жерлерде 685,1 мың адам тұрады. 2019 жылдан бастап жоба аясында 9,2 млрд теңге игерілді. Жеңілдікті несиелерді 25 елді мекеннен 2478 тұрғын мен 11 жаңа ауыл шаруашылығы кооперативі алды. Мал шаруашылығын дамытуға 6,4 млрд теңге бөлінді, нәтижесінде ауыл тұрғындары 45 032 бас мал сатып алды. Сондай-ақ елді мекендерден тыс жерлерде 10 113 га пай жерлері тиімді пайдаланылды. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін техникамен және жабдықтармен қамтамасыз ету үшін 972,4 млн теңге бөлініп, 190 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.
Жобаны іске асыру нәтижесінде жеке кәсіпкерлер саны 2282-ге артты, жұмыссыздар саны 528-ден 334 адамға дейін азайды; Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 1058 отбасына немесе 65% -ға (1615-тен 557 отбасына) азайды. Қатысушылардың орташа айлық табысы 44 мың теңгеден 73 мың теңгеге немесе 165% теңгеге дейін ұлғайды.
Жоба жүзеге асырылған 5 жылы ішінде экономикалық тиімділік 14,9 млрд теңгені құрайды.