Фермерлер жыл сайын несие тарихын нөл етіп жоюды ұсынады

Ауыл шаруашылығы өндірушілері несие ресурстарын барынша қолжетімді етуді қарастыратын заңнама шараларын қабылдауды сұрайды. Бұл туралы мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұловтың Павлодар облысының шаруаларымен кездесуі барысында айтылды, деп хабарлады мәжілістің баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы өндірушілері қаржы институттары желісі бойынша шаруашылықтарды қаржыландырудың өте қиын екендігіне ерекше назар аударды. Бұл ретте фермерлер кредиттік тарих дұрыс болмаса, екінші деңгейлі банктер кредит беруден бас тартатындығын жеткізді.

«Күрделі де тәуекелділік жағдайы басым егіншілік аймақта орналасқан Қазақстанның климаттық жағдайларында АӨК субъектілерінің барлығында дерлік несиелер бойынша мерзімін өткізіп отырады. Сол себепті фермерлер жылдар бойы банктерден қаржы ала алмай келеді. Бұл мәселелерді шешу үшін, дәлірек айтсақ, жыл сайын кредиттік тарихты «нөл деп жазып» және өз қарызын өтеген ауыл шаруашылығы өндірушілерін жауапсыз қарыз алушылар тізімінен алып тастау мүмкіндігін қарастыру мәселесі ұсынылды», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Тақырыпқа байланысты оқуАӨК-ті дамытудың бес жылдық жобасына 4,9 трлн теңге қаражат бөлінетін болады

Кәсіпкерлердің пікірінше, бұл оларға қазір қолданылып жүрген нормаларда көзделген бес жылдық мерзімді күтпестен, банктің беретін несиелерін алуға көмектеседі.

Депутат кездесулер барысында айтылған ұсыныстар қаралып, қажетті шешім қабылдау үшін қарастырылатынын уәде етті.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.