Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Руслан Манатаев ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен кетті
15 сентября 2021
ҚР Үкіметінің қаулысымен Руслан Манатаев ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл қызметке ол 2020 жылдың тамыз айында тағайындалды. Ауыл шаруашылығы министрлігінде ол АӨК-ті цифрландыру саласына жетекшілік етті.
Руслан Манатаев 1984 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық мемлекеттік университетін, Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын, Назарбаев университетін бітірген. Еңбек жолын 2005 жылы банкте кіші кредиттік офицер болып бастаған.
2018-2020 жылдары АТ-шешімдері бойынша басқарушы директор, телекоммуникациялар жөніндегі вице-президент, «Транстелеком» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.