Қостанай облысы аграршылары жасыл дәліз арқылы өтеді

Қостанай облысын 17 сәуірде крантинге жабылады, бірақ облыс аграршылары үшін блок-бекеттерде «жасыл дәліз» арқылы өту рұқсат етіледі.

Бұл ақпаратты облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жансұлтан Таукенов Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп жазады «БоссАгро».

Тақырыпты оқу: Коронавирустың әсері :АӨК үшін оның зардаптары (жаңарып тұрады)

Облыс басшылары  аталған мәселені шешуді жан-жақты ойластырып, ауыл шаруашылығы техникасының  блок-бекеттерден кедергісіз өтуін қарастыруда.

«Облыста 27 блок-бекет орнатылған. Карантин жағдайында шаруашылықтар  оңай қозғалуы үшін «жасыл дәліз» жасалған. Ауыл шаруашылығы және арнайы техника кезектен тыс блок-бекеттен өтетін болады.Жеңіл көлікпен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметкерлері, яғни  ЖШС және ШҚ басшылары өте алады. Агрономдар, инженерлер, қызметкерлер- блок-бекеттерде көлік жүргізушісінің немесе сенімді тұлғаның жеке куәлігін және кәсіпорын жетекшісінен аталған тұлғалардың осы ұйымда шын мәнінде жұмыс істейтіні туралы анықтамасын ұсынуы қажет, - деді Таукенов.

АШБ басшысының айтуынша, рұқсаттама қажет емес, бірақ әрбір ауданда жедел штабтар құрылған, онда «Сергек» деректер базасында тіркелу үшін өз техникасы туралы мәліметтерді беру қажет. Бұл блок-бекет  арқылы кедергісіз жүруді қамтамасыз етеді.

Тақырыпты оқу: Қазақстандағы егін егу жұмыстарының хроникасы (жаңартылады)

Сонымен қатар, облыста барлық қосалқы бөлшектерді, техникаларды  сататын ірі дүкендер жұмыстарын істейтін болады.Аталған сауда орталықтары басшыларға тиісті өтінім жіберіп, жедел штабқа  жүгінулері қажет, содан соң бұл мәселелер шешіледі. Көктемгі егін егу жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынын бекітілген кестеге сәйкес бөлінетін болады.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.