Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Түркістан облысында 7,5 мың гектар егіс алқабы су астында қалды
Өзбекстандағы бөгеттің бұзылуы салдарынан Қазақстан аумағына су ағыны жетіп, Түркістан облысындағы 7,5 мың гектардан астам егістік алқабы су астында қалды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.
Ө.Шөкеевтің ақпаратына қарағанда, Мақтаарал ауданында 7,5 мың гектар алқапқа зиян келді. Егістіктің ішінде негізінен мақта алқаптары бүлінді.
Қазіргі уақытта келтірілген шығын есептелді, зардап шеккен ауыл тұрғындарына жан-жақты көмек көрсетіледі.
Сонымен қатар, облыс әкімі хабарлағандай, ауданның 14 елді мекенінен 31 606 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қазіргі уақытта екі кенттің тұрғындары үйлеріне оралды.
Мақтарал ауданында шұғыл түрде техногендік сипаттағы ТЖ жарияланды, жедел штаб құрылды. Аймақта суды сору жұмыстары жүргізілуде. Қайта су басуды болдырмау үшін бөгеттер салынып, инертті материалдар төселді.
Алдын ала есептеу бойынша, су басқан кенттерде 845 үй, 13 әлеуметтік нысан зардап шекті, ал Жеңіс ауылында су тасқыны көпірді шайып кетті.
ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің айтуынша, зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетіледі. Жергілікті жерде үкіметтік комиссия жұмыс істейді, оның құрамына орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары кірді.
Бұған дейін Мақтыарал ауданындағы елді мекендерді су басып, 249 бас мал өлгендігі хабарланған еді.«Комиссия Жаңа Тұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық сияқты бес елді мекендегі шығынды жедел бағалап есептейтін болады. Содан кейін, инженерлік, көліктік, әлеуметтік инфрақұрылым мен тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары басталады. Үкімет зардап шеккендерге барлық тиісті көмек көрсетеді», — деді премьер-министр.