Азық-түлік корпорациясының пайдасы 2021 жылы 3,5 млрд теңгеге дейін өсті

"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" Ұлттық компаниясы" АҚ таза пайдасы 2021 жылы 2,8 есеге ұлғайды және 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 3 млрд 455 млн 244 мың теңгені құрады. Бұл туралы ElDala.kz компанияның 2021 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есебіне сілтеме жасай отырып  хабарлайды.

Есептік кезеңде Азық -түлік корпорациясының жиынтық активтері 1,6 есе, 159 млрд 715 млн 519 мың теңгеге дейін, жиынтық міндеттемелер -3,6 есе, 81 млрд 833 млн 754 мың теңгеге дейін өсті.

Меншікті капитал 3,6%-ға ұлғайып, 77 млрд 881 млн 765 мың теңгені құрады.

Естеріңізге сала кетейік, "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК астықтың резервтік қорын сақтайтын Қазақстанның астық нарығындағы мемлекеттің операторы. Ағымдағы жылы "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы 100 млрд теңгені құрайды.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.