Дүйсенбі күні WTI маркалы мұнайдың бағасы төмендеді

Дүйсенбі күні тарихта алғаш рет WTI маркалы мұнайға мамырдағы фьючерстік келісімшарт бағасы минус болып, баррелі- $37,63 болды.Бұл туралы Bloomberg материалында жарияланды.

Баспаның хабарлауы бойынша, бұл жағдай коронавирустың таралуымен байланысты, шекаралардың жабылуынан мұнайға сұраныстың төмендеуі, ірі  дүниежүзілік өндірушілер арасындағы бағаға келіспеушіліктер, қоймалардың толыболуы және фьючерстік нарықтың ай сайынғы өзгерістері әсер етті. WTI-ге маусым фьючерстері дүйсенбі күні $20,4 дейін 18% - ға кеміді, Brent шамамен 9% — ға $25,6 дейін арзандады.

Merchant Commodity Fund хедж-қордың инвесторы Дуг Кингтің айтуы бойынша, бұл күн әлемдік мұнай өнеркәсібі үшін қиын болды.

Brent маркалы  мұнай фьючерсі сейсенбі күні сауда барысында 2002 жылдың ақпан айынан бастап бірінші рет баррелі $20-дан төмен түсті. Лондон ICE Futures биржасында Brent маусымдағы фьючерстерінің құны 15: 12 (қазақстандық уақыт бойынша) барреліне 19,65 $ құрады, бұл алдыңғы сессияның жабылуына бағадан $5,92 (23,15%)  төмен болды.

Александр Разуваев «Альпари» ААО басшысы Forbes.kz берген сұхбатында  үшінші тоқсанда аталған жағдай бұрынғы қалпына келуі тиіс, себебі әлемдік экономика мұнайсыз өмір сүре алмайды деді. Мысалы экспорт жасайтын елдердің, соның ішінде Ресей, Қазақстан мен Әзірбайжан экономикаларының дағдарысы туралы барлық әңгіме бос сөз болып табылады, деді. Алайда, қор, валюта және шикізат нарықтарында жақын уақытта үлкен турбуленттілік, өзгерістер болады деген болжам бар.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.