Түркістан облысының бақшаларында лимон және анар өсірілуде

Түркістан облысындағы Қажымұқан ауылдық округінде «Елнұр-Айдар» өндірістік кооперативі 2017 жылдан бастап тропикалық жеміс-жидектер мен алма өсірумен айналысады. Биылғы жылы  фермерлер 20 тонна лимон жинауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде хабарлады.

Қазіргі уақытта шаруашылықта анар -1 га, алма – 3 га және лимон-0,5 га алқапқа егілді. Аталған шаруашылықта Сейдазимов Елнұр 1000 түп анар, 6 мың түп алма, 707 лимон ағашын өсіріп отыр.

Шаруашылық осы жылы 20 тонна лимон жинауды жоспарлап отыр. Былтырғы жылы жаңадан отырғызылған жас талдар  4 тонна жеміс берді.

Сонымен қатар, ӨКҚ –тың мәліметі бойынша, аудан көлемінде қарқынды түрде өсетін бау-бақша ағаштарын отырғызу көлемі артып келеді, олардың аумағы бүгінде 400 гектарға жуық екенін айтты. Қажымұқан ауылдық округінде «ҚазГарден» ЖШС 240 гектар жерге бақ отырғызуды бастады, осы мақсаттарға компания 2 миллиард теңге жұмсайды. Бүгінгі таңда серіктестіктің бағы 60 га жерді алып жатыр, оның ішінде 11 га алма ағаштары өседі, 49 га жеміс-жидек дақылдары егеді. Кәсіпорында тұрақты түрде төрт адам жұмыс істейді, ал тағы 55 адам маусымдық жұмыспен қамтылған.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.