АШМ картоп бағасының төмендегені жайлы хабарлады

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда халық қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті мөлшерде картоп қоры бар және оның бағасы төмендей бастады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Күнделікті жасалған баға мониторингі картоп бағасының килограмм үшін 138-450 теңге көлемінде болғанын көрсетеді, ең төмен баға Қостанай (138 теңге/кг) және Ақтөбе облыстарында (166 теңге), ал ең жоғары баға Нұр – Сұлтан қаласында (225-450 теңге), СҚО (320-340 теңге), ШҚО (335 теңге) және Қарағанды облысында (270-310 теңге) тіркелді.

«Елордалық базарлар мен сауда орындарына жүргізілген мониторинг бүгінгі таңда картопқа деген сұраныс жоғары емес екендігін көрсетті. Сатылымда былтырғы жылғы да, жаңа піскен  картопта бар және сатылуда. Сонымен қатар, тауарлардың артық болуына байланысты бағаның төмендеп жатқандығы байқалды»,-деді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Ведомствоның мәліметінше, былтырғы жылғы картоп сапасына қарай 120 теңгеден 200 теңгеге дейін сатылуда. Жаңа піскен өнімдер «Шарын» және «Шапағат» базарларында 280-320 теңгеден, «Евразия», «Магнум» және «Смолл» СОО - да бір килограмы 400-450 теңгеден сатылып жатыр.

Тақырыпқа байланысты оқуҚайрат Бисетаев картоптың шынайы бағасын атады

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, жыл басынан бері картоптың құны 48,6% - ға өсті. Ауыл шаруашылығы министрлігінде бұл факт маусым кезіндегі сұранысқа байланысты деп түсіндіріледі. 2020 жылы осы кезеңде 46% - ға өсекендігін айтты.

«Жағдайдың бұлай болуына маусым кезіндегі тапшылыққа қоса ортадағы алып сатарлар бағаның өсуіне әсер еткен және сауда нысандарының үстеме бағасы да көп болғандығын көрсетеді», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

11 маусымдағы аймақтардағы мәліметтер бойынша картоп қоры 70 мың тоннадан асады. Бұл жарты айдан астам уақытқа жеткілікті: халықтың жан басына шаққанда жылына 95 кг норма кезінде елдің бүкіл халқы үшін жалпы тұтыну күніне 4,9 мың тоннаны құрайды.

Сонымен қатар, ұсақ фермерлерде және жеке қосалқы шаруашылықтарда сақталатын картоп қорының көлемін (шамамен 80%) ескермей отырмыз деп атап өтті Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Маусым айынан бастап оңтүстік аймақтарда ерте пісетін көкөністер мен картоп жаппай жинала басталады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамы бойынша, мұнда жаңадан піскен картоптың бағасы тоннасына 175-200 мың теңге аралығында болуда.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.