Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Чех компаниясы ҚР-да ауыл шаруашылық техникаларының материалдарын шығаруды жоспарлап отыр
Қазақстанда ауылшаруашылық техникаларының тез тозатын бөлшектерін құрастыруды Cernin атты шағын чехиялық отбасылық компания жобалап отыр.
ElDala.kz хабарлағандай, кәсіпорын басшысы Вацлав Чернин әрі қарай жұмысты дамытудың жолдарын іздеуде. Осыған байланысты ол Қазақстанда жақсы мүмкіндіктер бар екенін айтқан.
-Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешен мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие», - деді кәсіпкер. - Сонымен бірге, елде ауылшаруашылық техникасының жеке өндірісі дами бастаған. Әзірге ауылшаруашылық техникалары мен қосалқы бөлшектердің көп бөлігі импортталып ікелінуде. Бұл жағдай бағаға әсер етеді - көлік шығындары бағаның өсуіне әкеледі. Сондықтан да бөлшектерді тікелей Қазақстанда өндіру керек. Мұндай жұмыстар біртіндеп жүзеге асады: алдымен тозған бөлшектерді шығара бастау қажет, содан кейін қарапайым бөлшектер, кейінірек тұтас машиналар шығаруға да болады.
Cernin компаниясының бизнес жоспары бойынша, олар алдымен - соқалар мен қалақтарды шығаратын болады. Себебі аталған құралдарды жер жыртудан соң, тозғаннан кейін үнемі жаңарту керек. Аталған бөлшектерді жасайтын цех Алматы немесе Ақмола облысында орналасады. Оның қуаттылығы - жылына 15 мың соқа және 30 мың құрал шығару болып табылады. Цех осы жерде тұрғандықтан оның бағасы Еуропалық құралдармен салыстырғанда төмен болады.
-Біз Ақмола облысындағы егістік алқаптарында 10 000 соқа қолданылуда, - деді Вацлав Чернин. – Жұмыс барысында, құралдың кесетін жері жылына ең кем дегенде бір неше рет ауыстырылады. Сондықтан да біздің шығаратын өнімдерімізге деген сұраныс жоғары болады деген ойдамыз-деді кәсіпкер.
Цехта бес адам жұмыс істейтін болады. Олардың екеуі Чехиядағы Cernin металл өңдеу кәсіпорнында бес апталық оқудан өтеді.