Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
CLAAS және HORSCH техникалары рекордтық өнімді қамтамасыз етеді
CT AGRO компаниясы Павлодар облысында егіс кезінде заманауи ауыл шаруашылық техникаларының техникалық жағдайын көрсету үшін эксперимент өткізді. Фермерлерге қуатты CLAAS XERION 4500 тракторын және оның HORSCH SPRINTER 12 HD тіркемесін көрсетті.
Техника әр түрлі жағдайда - жеңіл құмды топырақтарда, сондай-ақ ауыр саздақ жерде жұмыс істеді. Бидай тәулік бойы, екі ауысымда егілді, сонымен қатар, әр ауысым кезінде тоқтау, жанармай құюды қоса алғанда, бір жарым сағаттан астам уақыт кетеді.
Осындай жұмыстың нәтижесінде, 6-7 см болатын тереңдікке құмды топырақта егін егілді. XERION-HORSCH техникасы 10 сағат 20 минутта 130 га жерге тұқым сеуіп үлгерді, аталған трактор сағатына 12,7 гектарды жүріп өтті. Жанармай шығыны 4,3 л/га, ал орташа жылдамдығы сағатына 10,8 км құрады. Жалпы егін егу кезінде аталған техникамен 3500 гектардан астам жерге егін егілді.
Ал қиын сазды жерде топырақтың тереңдігі 5-6 см болды. Бұл жерде XERION – HORSCH тіркемесі бір аусым кезінде 110-120 га жерді аударып, сағатына 11,2 га жерді жүріп өтті. Орташа жылдамдығы 10,7км/сағ болды, Жанармай шығыны 4,73 л/га. Жалпы жыртылған жердің аумағы -3000 га болды.
-XERION 4500 тракторларының және HORSCH SPRINTER 12 HD тұқым себу құрылғысы-өте тиімді және берік, мықты техникалардың бірі, - деді CT AGRO компаниясының сату жөніндегі директоры Нұржан Нұрмағанов. –Ең маңызды факторлардың бірі - ауылшаруашылық маусымына техникаларды дұрыс дайынду. CT AGRO мамандары фермерлерге бұл үшін қажет нәрсенің бәрін ұсына алады: техниканы дұрыс пайдалану бойынша тренингтер өткізеді, сапалы және уақытылы қызмет көрсетеді.
Айта кетерлік жағдай, CT AGRO Қазақстанда 2000 жылдан бастап жұмыс істеуде, республиканың барлық аймақтарында филиалдары бар. Сарапшылардың айтуы бойынша, соңғы жылдары CLAAS тракторларының ең күшті XERION модельдеріне сұраныс көп, олар осы сегменттегі сатылымның үштен бір бөлігін құрайды.