Ростсельмаш представил аграриям Казахстана модель нового опрыскивателя

AgriTek/FarmTek Astana 2020 XV Халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылық көрмесінің жұмысы барысында  «Ростсельмаш» кәсіпорыны RSM TS-4500 Satellite маркалы жаңа бүріккіш құрал үлгісін таныстырды, деп  хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

"Россельмаш" қауымдастығының құрамына кіретін "Ростсельмаш" кәсіпорны хабарлағандай,  Қазақстандағы бұл көрмеге жаңа өндірістік агрегат қойылған. Машина өсімдіктерді қорғауға және сұйық тыңайтқыштарды бүркіп-шашуға арналған. Бұл құралда штанганың орналасуын реттеуден бастап, ерітіндіні шашуға дейін кез келген жұмыс процесін басқаруға болады. Оны трактор кабинасындағы пульттердің көмегімен істеуге болады. 1 гектар жерге  60-тан 500 литрге дейін бүркіп-шашуды насос (сорғы) қамтамасыз етеді. Құралдың жұмыс жылдамдығы 16-17 км/сағатқа жетеді.

Қазақстандағы компания өкілдерінің айтуынша, агрегат бағасы өте тиімді. Бұл Ростсельмаш компаниясының стратегиясын жүзеге асыруға ықпал етеді және Қазақстандық аграршыларды сапалы және қолайлы, жақсы ауыл шаруашылығы техникасымен қамтамасыз етеді.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.