Д. Назарбаева:Шикізат тапшылығы жеңіл өнеркәсіптің дамуын баяулатып отыр

Отандық  шикізат  тапшылығы жеңіл өнеркәсіптің дамуына кедергі келтіріп отырған  себептердің бірі болып табылады- деп мәлімдеді Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Парламенттік тыңдау барысында. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының сайтында хабарланды.

Дариға Назарбаеваның айтуынша, ең бастысы  тері мен жүннің жетіспеушілігі байқалады.

"Осы  мәселге байланысты  агроөнеркәсіп кешенінің алдында жаңа міндеттер тұр. АӨК жаңадан құрастыратын  мемлекеттік бағдарламада жеңіл өнеркәсіптің шикізат базасын дамыту бойынша керекті шараларды қарастыру қажет", — деп атап өтті өз сөзінде Сенат төрағасы.

2019 жылдан бастап елімізден  ірі қара мал терісін шетелге шығаруға тыйым салынған еді.  "Хабар 24" хабарлағандай, отандық былғары кәсіпорындарында шикізат тапшылығы  болмай, олар толыққанды түрде жұмыс істеп, шетелдік әріптестеріне барынша бәсекелестік жасайды деп күтілген еді. Бірақ енгізілген жаңалық оң нәтиже бере қоймады.

Бүгінгі таңда ірі қара мал терісін шетелге шығаруға байланысты тыйым алынып тасталды. Қазіргі уақытта  5-20 % жүктемемен  7 былғары кәсіпорны ғана жұмыс істейді. Айналым қаражатының жетіспеуінен  7 кәсіпорын тоқтап тұр, сонымен қатар өндірістерді қайтадан жаңалау қажет.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.