Мұнай бағасы түскендіктен АҚШ-та соя арзандады, деп хабарлады - Agritel

2020 жылдың 9 наурызында мұнай бағасы төмендегендіктен АҚШ нарығында  соя күрт арзандағаны байқалды, деп хабарлады – Agritel сарапшылары.

Хабарламада айтылғандай, ақпан айында АҚШ-тың экспорттайтын соя көлемі 3,2 млн тоннаны құрады, бұл соңғы 14 жылдағы ақпан айындағы ең төменгі деңгей болып табылады.

Мұндай мәліметтер 2020 жылдың 9 наурызында USDA есебінде жарияланды.

2020 жылғы 9 наурыздағы мәлімет бойынша АҚШ  қорлары 8,5 мың жүгері мен 16 мың соя лоттарын сатқан. Сондай-ақ олар 6 мың лот бидай сатып алған.

Сонымен қатар сарапшылардың  хабарлауы бойынша  бағасы өзгерген өнімдердің көпшілігі мұнайға қатысты тауарлар болып табылады, олар: биоотында пайдаланылатын жүгері мен соя сияқты өнімдер екенін атап өтті.

Трейдерлер  2020 жылдың 10 наурызында кешке шығатын USDA-ның  ай сайынғы есебін күтуде, бірақ жаһандық өзгерістер болмайтын секілді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптаның соңында ОПЕК+ Ресей мен Сауд Арабиясының мұнай өндіруді қосымша қысқарту мәселесі бойынша полярлық позициясына байланысты құлдырады. Brent қоспасымен мұнайдың бағасы дүйсенбі күні 24% - ға дейін түсті, барреліне $34,57 -ге дейін төмендеді, ал Техас маркалы WTI  25% - ға, бір баррель $31,26-ға дейін түсті.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.