Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
ETS-те бидай бағысы бірқалыпты
23 июля 2020
Еуразиялық сауда жүйесіндегі трейдерлер мен сатып алушылар бидай бағасын ұстап отыр. Нәтижесінде, 22 шілде, сәрсенбі күні аукционда тағы да ешқандай сауда мәмілесі жасалмады.
Бұл күні аукционға жеті лот қойылды, 3 –ші сұрыпты бидайдан екі лот (тоннасы 94 мың теңге) және 4-ші сұрыпты бидайдан бес лот (тоннасы 88 мың теңге) шығарылды. Ұсыныстың жалпы көлемі 32 мың тоннаны құрады.
Алайда, әлеуетті сатып алушылар 3-ші сұрыпты астыққа тек 87 мың теңге, 4-ші сұрыпты бидайға 82 мың теңге ұсынды. Бірақ бұл күні де саудаға қатысушылар келісімге келе алмады.