Шығыс Қазақстан облысындағы жүгерінің жаңа сұрпынан жақсы өнім жиналды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов «Приречное» агро фирмасының ауыл шаруашылық алқаптарын аралап, биылғы көкөністер түсімінің болжамдары туралы айтты.

Д.Ахметовтың айтуынша, бүгінгі таңда басты міндеттердің бірі - аймақтың тұрақтандыру қорын қалыптастыру.

«Жақын арада агрофирма тұрақтандыру қорына пияз,сәбіз жинай бастайды. Жалпы, биылғы егін алдағы 2020-21 жылға жасалған жоспарларды орындауға мүмкіндік береді. Бұл қала тұрғындарының көкөністерді нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алуларына мүмкіндік береді», - деп жазды облыс әкімі Instagram-да.

Даниал Ахметов ауыл шаруашылық фирманың әр түрлі саладағы жұмыстарын атап өтті. Биыл серіктестіктің 41 гектарлық алқабында француз жүгерісінің  жаңа түрі отырғызылды. Тұқымдар керемет өніп шықты, шығымдылығы 100 гектарға 1000 тонна деңгейінде болып отыр. Аймақ басшысы атап өткендей, бұл мал шаруашылығы үшін тамаша жемшөп базасы болып табылады.

«Жақын уақытта біз сүт фермасын дамытамыз, ірімшік және басқа да өнімдер шығарамыз. Бұл жалпы өнімнің қосымша минималды 15 миллиард теңге болады. Бұл үшін көп қаражат керек емес, алайда тұрақты шикізат базасы керек. Мұнда керемет перспективалар бар: бізде 100 гектарға 1000 тонна астық жинайтын боламыз», - деді Д.Ахметов.

Сондай-ақ, ол агрофирма алқаптарында картоптан жақсы өнімі  жиналатынын хабарлады.

«Ауыл шаруашылық компаниясы егіс алқаптарындағы жұмыстарын уақытылы жүргізуде, ал элиталық тұқымдарды отырғызу арқылы жақсы егін жинап қана қоймай, тұқым қорын жаңартады», - деп түйіндеді әкім.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.