Астық саудасы Астанадағы AGRICOM конференциясында талқыланады
AGRICOM бесінші халықаралық конференциясы Астанада 25 қыркүйекте өтеді. Сессиялардың бірі Қазақстандағы астық саудасына арналады: сарапшылар өткен маусымды қорытындылайды және жаңа маркетингтік жылға арналған болжамдармен бөліседі.
AGRICOM қатысушылары негізгі дақылдардың (жұмсақ бидай, қатты бидай, арпа, зығыр, күнбағыс) балансын талқылайды: маусымның басындағы дақылдар қоры, өндіріс көлемі, импорт және ішкі тұтыну және экспорттық әлеует.
Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі - баға белгілеу. Жаһандық, өңірлік және қазақстандық нарықтардағы негізгі трендтер ұсынылатын болады.
Сондай-ақ, сарапшылар мен қатысушылар дәстүрлі және жаңа сыртқы нарықтарды, ағымдағы сауда маусымының ерекшеліктерін және қазақстандық астық экспортын ынталандыру шараларын талқылайды.
Сессияның модераторы Қазақстанның Астық одағы Сауда Комитетінің басшысы Александр Малов болады.
Қазақстанның Астық одағы Талдау комитетінің басшысы Евгений Карабанов «2023/24 МЖ астық саудасының қорытындылары. 2024/25 МЖ болжамы» тақырыбында негізгі баяндама жасайды.
Сондай-ақ, сессияға қатысу үшін келесі сарапшылар шақырылды: Гүлмира Әбішева («Baltic Control Kazakhstan» ЖШС), Таир Баталов («TradeAgra» ЖШС), Кинталь Исламов («Атамекен Агро» АҚ) және Иван Малыгин («Grain Partners» ЖШС)