Астық пен ұн экспортына берілетін квота 1 маусымда алынады

АШМ 1 маусымнан бастап астық пен ұнды экспорттауға берілетін квоталарды алып тастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы ведомство басшысы Сапархан Омаров хабарлады.

«Қазір короновирустың пандемиясы салдарынан карантиндік шаралар жеңілдетіліп жатыр, яғни тауар айналымы біртіндеп қалпына келтіріледі және біз саланы қарқынды дамытуымыз керек. Сондықтан 2020 жылдың 1 маусымынан бастап астық пен ұн, сондай-ақ басқа да азық-түлік өнімдері бойынша бұрын енгізілген барлық шектеулерді алып тастау жоспарланып отыр», — деді Омаров Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында.

Министр елдегі енгізілген тыйымдар мен квоталар нәтиже бергенін атап өтті. Жаңа егінге дейін шамамен үш ай қалды,осы уақытта Азық-түлік келісім шарт корпорациясының элеваторларында 500 мың тоннадан астам астықтың резервтік қорда тұр. Бұдан басқа, ұн және басқа да азық-түлік тауарларының қоры өңірлердің тұрақтандыру қорларында, өнім сауда объектілері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарының қоймаларында да сақталуда.

«Еліміздегі басты астық егетін аймақтарда егіс науқаны басталды, барлық дайындық жұмыстары жүргізілді, ылғал жинау жеткілікті. Қазгидромет маусым-тамыз айларында орташа температура режимін және осы облыстарда жауын-шашынның жеткілікті мөлшері болады деп  болжам айтты. Осының барлығы еліміздің азық — түлік қауіпсіздігін толық қамтамасыз ететіндей өнім алуға мүмкіндік береді», — деді Сапархан Омаров.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в Facebook, канале в Telegram, подписывайтесь на нас в Instagram или на нашу рассылку.