АШМ: құс фабрикасының мәселесі туралы айтқандар 5 млрд теңге субсидия алды

Алматы облысының Іле ауданындағы құс шаруашылығы фермасының иелері банкрот болып қалу  қаупіне байланысты өндіріс қарқынының төмендеуі мүмкін деп  БАҚ-қа мәлімдеп, соңғы 5 жылда мемлекеттен 5 млрд теңге алды. Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлады.

Мәселе  «Сарыбұлақ» ЖШС туралы болып отыр, оның директоры Мұрат Уәлиев БАҚ-қа берген сұхбатында жыл басынан бері құс фабрикасының субсидия алмағанын хабарлаған еді. Мал азығы мен құс фабрикасының жұмысы үшін сатып алынатын  барлық тауарлардың құны өскен кезде, ЖШС қиын жағдайда қалған, себебі фабриканың өз өнімдерінің бағасы өзгермеген. Мұндай жағдайда кәсіпорын банкротқа түспеу үшін өндіріс көлемін 200 млн-нан 150 млн-ға дейін төмендетуге мәжбүр болады.

Ауыл шаруашылық министрлігінің ақпараты бойынша, өткен жылдары «Сарыбұлақ» ЖШС өндірісті дамыту үшін жеткілікті көлемде субсидия алды.

«Бұл кәсіпорын соңғы 5 жыл ішінде жұмыртқа өндіру үшін 1,8 млрд теңге және құс етін өндіру үшін 3,2 млрд теңгеге субсидия алған. Осылайша, компания мемлекеттік қолдау шараларымен толық қамтылған. Субсидиялаудың негізгі мақсаты-өндірілген өнімнің өзіндік құнын арзандату, алынған субсидиялар өндірісті одан әрі дамытуға және жемшөп пен қажетті құралдарды сатып алуға жұмсалуы тиіс», — деп хабарлады ведомстводан. Сонымен қатар, АШМ «Сарыбұлақ» ЖШС-нда  бірнеше жылдан бері жұмыртқа өндіру көлемінің артқанын атап өтті.

Сонымен қатар, Құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шарипов «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында бүгінгі таңда басқа да құс фабрикалары қиын жағдайда қалып, өндірісті төмендетуге мәжбүр болып отырғандарын айтқан еді.

«Мен білетін төр фабрика банкротқа ұшырады. Үш айда құстардың саны 300 мың басқа азайды, жұмыртқа өндірісі 20-30% төмендеді. Жыл басынан бері субсидия алмауда. Қазір қиын жағдай. Құс шаруашылығын қолдау қажет. Нарықтағы ең арзан ет – біз шығаратын  құс өнімдері. Біз жем алуға субсидия беруді ұсындық. Алдымен олар келісті, талқылады, содан кейін субсидияны 50%-ға қысқартты. Қазір бұл құжат Ұлттық экономика министрлігіне қарастырылып жатыр», — деді ол.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі дағдарыс жағдайында жұмыртқаны субсидиялауды  және құс шаруашылығын қолдауға байланысты басқа да шараларды сол қалпында сақтау туралы шешім қабылдады.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.