Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
2020 жылы Қазақстанда жеті құс фабрикасы салынады
ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің ақпараты бойынша 2020 жылы ет бағытындағы жеті құс фабрикасыy салу жоспарланып отыр, деп жазды Forbs.
Аталған жаңа құс фабрикалары Алматы, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында салынады.Олардың жалпы өнімі 50 мың тонна болады.
Статистикалық мәліметтер бойынша, 2019 жылы елімізге $178 млн -ға 173 мың тонна құс еті әкелінді. Бірақ бұл өнімнің импорты біртіндеп қысқарып келеді. Атап айтсақ, 2018 жылы бұл көрсеткіш 191 мың тонна болған еді. Қазақстандық кәсіпкерлер әзірге құс етінің 58, 3% -ын ғана өндіріп отыр. Қазіргі уақытта үкімет құс өсірушілерді қолдау үшін оларға субсидия береді. Бұрын субсидия алу үшін ол фабрика жылына 2 мың тонна шығару тиіс болса, қазір 500 тонна өндіретін болса да қаражат беріледі.
Сонымен қатар жылдық өнім шығаруына қарай ақша төлеу мөлшері бекітілген: мысалы 2 мың тонна – кг- 50 теңге, 5 мың тонна - 60, 10 мың тонна- 70, 15 мың тонна-кг-80 теңге.
Ал күрке тауық етіне субсидия беру екі есеге дейін -200-ден 100 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылданды.
Сондай –ақ жұмыртқа шығаратын құс фабрикаларына субсидия беруді тоқтатады. Осы уақытқа дейін олар әрбір жұмыртқа үшін 2-3 теңгеге дейін ақша алған. Ал қазір ҚР АШМ мәліметі бойынша жұмыртқа өндірісі ішкі нарықты толықтай қамтамасыз етіп, енді сыртқы нарыққа шыға бастады.
Алайда, қазіргі уақытта құс өсірушілерге мал азығын сатып алу үшін берілетін 7,5 мың теңге мәселесі талқылануда. Егер өндірістерін кеңейтіп жатса, олар осы ақшаны алуларына мүмкіндіктері бар.