ШКО-да жаппай мал қырылу себебі анықталды

Шығыс Қазақстан облысында малдың жаппай қырылуының себебі пастереллез ауруы екендігі анықталды. Бұл туралы YK-news.kz хабарлады.

Ауылшаруашылық мал өлімінің алғашқы оқиғалары Үржар ауданының Көктал ауылдық округінде 12 сәуірде тіркелген еді. 20 сәуірде бұл жерге арнайы комиссия келген болатын.

Шығыс Қазақстан облысының ветеринарлық медицина департаменті  хабарлағандай, 1 мамырдағы зерттеу бойынша мал өлімнің себебі пастереллез (зоонозды жұқпалы ауру) екендігі анықталды.

«Қазіргі уақытта індеттің таралу ошағы  болып табылатын Көктал ауылында карантин белгіленген. Пастереллезге қарсы емдеу сауықтыру шаралары да жүргізілуде», — деді ветеринария департаменті.

Соңғы мәліметтер бойынша, 309 ірі қара мал аталған індетті жұқтырған.

Еске салсақ, әкім Даниал Ахметов ауыл тұрғындарына малдың қырылуынан келген  шығындар тұрғындарға өтеледі деп айтқан еді.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.