Швейцариялық холдинг Қазақстандағы сүт өндірісіне 62 млн доллар инвестиция салады

Швейцариялық Eurasia Swiss Holding AG Қостанай облысында сүт-тауар фермалары мен сүт зауытын салуды жоспарлап отыр. Бұл жобаларға 62 млн доллар инвестиция салынады. Бұл туралы KAZAKH INVEST ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

KAZAKH INVEST басшылығымен кездесуде «Eurasia Farm Innovation» ЖШС (Eurasia Swiss Holding AG құрамына кіреді) директоры Қайрат Бисетаев компания Қазақстанда мал шаруашылығы мен сүт өндіру жүйелерін басқаруды дамытуға елеулі үлес қоса алатынын атап өтті. Оның ішінде, компания елімізде бейінді оқыту орталығын салуға мүдделі.

Eurasia Swiss Holding AG өкілдері жоғарыда аталған жобалар бойынша ҚР Үкіметімен инвестициялар туралы келісім жасасуға қызығушылық білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар келешекті жобаларды іске асыруда инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.