Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Павлодарлық кәсіпорын Венгриядан симменталь тұқымды ІҚМ әкелді
11 тамызда Успен ауданында орналасқан Павлодарлық «Галицкое» ЖШС Венгриядан симменталь тұқымды 213 бас ірі қара мал әкелді. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан хабарлады.
«Қазіргі кезде бұл малдар «Галицкое» ЖШС -нда карантинде ұсталуда. Жыл соңына дейін Венгриядан тағы 240 бас ірі қара мал жеткізу жоспарлануда», - деп хабарлады басқармадан.
Жалпы Павлодарлық фермерлер ағымдағы жылы 1941 бас ІҚМ, оның ішінде 963 бас ет бағытындағы сиыр және 978 бас сүт бағытындағы малдарды әкелді.
Тамыз айының басында Павлодар облысында 503,9 мың бас ірі қара мал бар болған, бұл 2019 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 4,7% - ға көп. Қой 590,7 мың ( өсім 4,6%), ешкі – 83,7 мың ( өсім 4,8%), шошқа – 76,4 мың (1,8%), жылқы – 204,8 мың (10,3%) және құс – 1793,7 мың (4,2%).
Бұл аймақта жыл басында 245,6 мың тонна сүт (өсім 3,3%), тірі салмақты ет - 50,1 мың тонна (1,9%) және жұмыртқа 146 123,2 мың дана (4,2%) өндірілген болатын.