ЕАЭО-да асыл тұқымды мал саудадасындағы кедергілер жойылады

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Еуразиялық экономикалық одақ  аясында ауыл шаруашылығы малдарын селекциялық-асылдандыру жұмыстарын біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімді ратификациялауды мақұлдады.

«Аталған келісім ЕАЭО-ға мүше елдерде ауыл шаруашылық малдардың селекциялық-асылдандыру жұмыстарын жүргізу тәртібін реттейді және асыл тұқымды мал шаруашылығы нарығын дамытуға және Одақ шеңберінде өзара саудадағы кедергілерді жоюға бағытталған. Келісімді әзірлеу бойынша жұмыс 2014 жылдан бері жүргізіліп келеді. Келісім асыл тұқымды мал шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық заңнаманың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келеді», - деді Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров заң жобасын таныстыру барысында.

Тақырыпқа байланысты оқу: ЕАЭО-да импорттық асыл тұқымды мал өнімдеріне қойылатын талаптар бірдей болады

Бұл келісімде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің асыл тұқымды малдары туралы және асыл тұқымды селекциялық жетістіктер жайлы ақпаратпен алмасуы қарастырылған.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, селекциялық-асыл тұқымды жұмыстар кезінде мал өнім өндірудің бірыңғай шарттарын жүзеге асыру мақсатында келісім бірқатар мәселелерді бірдей етуді көздейді. Келісім ауылшаруашылық малдарының тұқымдарын анықтау тәртібін белгілейді.

Молекулалық-генетикалық сараптама арқылы асыл тұқымды материалдың сапасын анықтау, туыстас тұқымдарды пайдалану арқылы алынған асыл тұқымды малдардың тұқымын анықтау тәртібі де көрсетілген. Асыл тұқымды малдың құнын бағалау әдістері белгіленеді.

«ЕАЭО мемлекеттерінде асыл тұқымды мал өсіру және гендік селекция саласындағы инновациялық технологияларды дайындау және енгізу үшін Келісім мал тұқымын асылдандыру саласындағы селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстарды үйымдастыру мен талдама жасаудың бірыңғай тәртібі жасалады. Селекциялық-асылдандыру жұмыстарын үйлестіруді уәкілетті органдар жүзеге асырады, талдамалық қолдау ғылыми-зерттеу ұйымдарына тапсырылады», - деді Сапархан Омаров.

Ауыл шаруашылығы министрлігінде атап өткендей, келісімді ратификациялау ЕАЭО аясында селекциялық-асылдандыру жұмыстарын жүргізуді оңтайландыруға, мал шаруашылығында селекциялық-асыл тұқымды дамуды қамтамасыз етуге және отандық асыл тұқымды өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.