ШҚО-да ет консервілейтін өндіріс ашылады

Шығыс Қазақстан облысының Улан ауданында «Герасимовка» шаруа қожалығында 5 мың басқа арналған мал бордақылау орны ашылып, ет консервілерін шығаратын зауыт салынуда. Бұл туралы ШҚО Ақпараттық орталығы хабарлайды.

Аталған жобаға 700 млн теңге инвестиция салынады. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, Ресейден керекті жабдық жеткізу үшін келісімшарт жасалды.

Болашақтағы кәсіпорын қуаттылығы тәулігіне 25 тоннаға дейін ет шығарады және 8 мың дана консерві жзасайды. Өнімдерді Ресей мен Қытайға экспорттау жоспарланып отыр.

Ұлан ауданында тағы бірнеше ірі ауыл шаруашылық жобалары жүзеге асырылуда. Атап айтар болсақ, Айыртау ауылдық округінде «Режебалиев» шаруа қожалығындағы сүт фермасында сауын сиырларды көбейту бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Шаруашылық жоғары өнімді асыл тұқымды ірі қара мал сатып алуды жоспарлап отыр. Ал Өскемен құс фабрикасы ауданда үш жаңа құс қорасын салуда.

Жалпы алғанда, бұл өлкеде ет және ет өнімдерін өндіруге арналған үлкен кластер құру жоспарлануда.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.