Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қасапханадан үлкен кәсіпорын жобасын қалай жасау керек
Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы «Алтын таға» кәсіпорны шағын ет өңдеу зауытынан ірі жобаға дейін өсті. Кешеннің жетекшісі Айдар Нығметов BaiBolsyn арнасында АгроПроцесс бағдарламасының келесі шығарылымында компанияның дамуы мен болашақтағы жоспарлары туралы айтты.
«Бұрын бұл ферма ет павильоны ретінде жұмыс істеген. Мен компанияны 3 жыл бұрын сатып алдым және біз модернизацияладық. Шаруашылықты ет өңдеу кешені ретінде жасай бастадық. Біз шұжық істей бастадық, содан кейінде көптеген цехтар аштық. Одан соң, біз нарыққа шолу жасай бастағанда, өзіміз мал өсірмейінше, алдыға жылжи алмайтынымызды түсіндік. Сондықтан Ерейментау ауданында Ақбас саулық мал ұстап, шаруа қожалығын құру туралы шешім қабылданды. Қазақтың ақбас малы нашар жемге, қиын жағдайларға толықтай бейімделген. Осылайша біз мал шаруашылығын құрдық, ол бүгінде 600-ге жуық асыл тұқымды мал шығарады», - деді Айдар Нығметов.
Сонымен қатар, кәсіпкердің пікірінше, компания қазір ет өңдеу кешені, мал бордақылау орындарын және мал тұқымын асылдандыру жұмыстарымен айналысады. Бұл шаруашылық Нұр-Сұлтан қаласынан 80 шақырым жерде орналасқан. Алғашқы кезде мал бордақылау орнында 1 000 бас ірі қара мал ұсталса, бүгінде мал басы 3 мыңға жетті, жоспар бойынша жыл сайын 1 мың басқа көбейтіліп, 10 мың басқа жетеді.
«Біздің осындай бастамамыз Ерейментау өңіріне жақын орналасқан шаруа қожалықтарына негіз болуы үшін қабылдадық. Біз ауылшаруашылық министрлігінің жүйесі бойынша жұмыс істей бастадық, асыл тұқымды бұқаларды шаруаларға жалға береміз, ал оның жалдау ақысының құнын мемлекет өтейді, ал фермер оларды ақысыз тегін алады. Бүгінгі күні бірінші немесе екінші санаттағы жақсы бұқа құны 550 мың теңге тұрады, әр фермада бұқаға деген қажеттілік 3-тен 20 бас мал. Біз мал күйлейтін 2 мезгілге бұқаларды береміз, сиырлар шағылысқан соң, бұзаулайды. Содан кейін біз осы төлдерді нарықтық бағамен сатып аламыз», - деді серіктестік басшысы.
2019 жылы 25 шаруа қожалығы «Алтын таға» шаруашылығынан 119 бұқа жалға алды. Келесі жылы шаруа қожалықтарының саны 100-ге дейін көбейіп, 319 бұқа жалға берілді.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстандағы ет өңдейтін ТОП-7 компания
Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін «Алтын таға» заманауи технологияларды да қолданады. Атап айтқанда, мұнда канадалық GrowSafe компаниясының жабдықтары орнатылған, онда әр бұқа қанша жейтінін, қалай ішетінін және қандай салмақ қосатынын интернетте бақылайды.
«Малды суаратын жерде сканер орнатылған. Біз әр бұқаны бақылаймыз және сканер арқылы ақпарат алатын чиптерді іліп қоямыз. Ол орнынан тұрып, басын астауға салғанда, жем жеп, су ішкенде малдың қанша жегенін санап, оны компьютерге жіберді. Әрі қарай, бұқалар платформада екі аяғымен тұрады, ол малдың дәл салмағын көрсетеді және интернетке жібереді. Бұл құрылғылар малдардың қанша рет ішкен, қанша жеген, қанша салмақ қосқанын тіркеп жазып отырады. Сонымен қатар, егер мал аз ішіп-жесе немесе астауға жақындамаса, мүлде келмеген болса, жүйе ескерту береді. Одан кейін мамандар мал дәрігерін шақырып, жағдайды анықтайды», - деді Айдар Нығметов.
Шаруашылықты дамытудың тағы бір әдісі -өнімді тереңірек өңдеу, яғни малдың ішек қарнын, қан, мүйіз және т.б. пайдалану. Әзірге мұндай технологиялар Қазақстанда аз қолданылады. Бұрын, ең болмағанда, терілерді пайдаланатын, бірақ қазір үкімет бұл экспортқа тыйым салды, ал қазір шаруашылықтар сұраныстың жоқтығынан тонналап теріні тастауға мәжбүр болуда.
Тақырыпқа байланысты оқу: Теріні экспорттауға тыйым салу туралы лоббизмнен кейін былғары фабрикалары шикізаттың 20% өңдеді
«Біздің тері өңдейтін зауыттарымыз бізден тері сатып алмақ болды. Елдегі салынған тыйым қате болды, ет өңдеуші кәсіпорындардың барлығы дерлік зардап шекті, соның ішінде бізге де бұл заңның зияны тиді. Кәсіпорында 80-100 тоннадай тері өңдейтін зауыттар бар. Бұл тыйым шыққанға дейін біз терінің келісін 180-200 теңгеге сататынбыз. Бір малдан 20 кг-ға жуық тері шығады - әр бастан 4 мың теңге түсіруге болатын еді. Жұмсайтын шығындарымыз қаншама. Бүгінде бір терінің бағасы 40-50 теңгені құрайды, егер біз тұзды, өңдеуге және сақтауға кететін шығындарды алып тастасақ, онда біз минусқа кетіп, шығынғы ұшыраймыз. Нәтижесінде біз жиналған 45 тоннаға жуық теріні тастауға мәжбүр болдық», - деп атап өтті Айдар Нығметов.
Сонымен бірге, компания одан әрі дамуды жоспарлап отыр, бірақ әзірге бұл үшін өндіріс көлемін үлкейту қажет.
«Бүгін біз әр малдың етін 1800 теңгеден сатамыз. 200 кг салмақ 360 мың теңге болады. Малдың ішек –қарнынан да ақша жасауға болады. Осы тәсілді бізде алдағы уақытта қоланатын боламыз. Біз де осы бағытпен дамып жатырмыз. Күнделікті үлкен мөлшерде мал сойған кезде өнімдерді өңдеу туралы ойлануға болады. Ал әзірше біз бір күнде 30 бас мал сойып, 30-40% -ға жұмыс істеудеміз. Күніне 100 бас мал сойғанда, ірі өңдеу туралы ойланамыз, басқа ет комбинаттарымен бірігуге, желі құруға және осы қосымша құнға көшуге болады», - деп қорытындылады сөзін Айдар Нығметов.