Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
2025 жылға дейін ет бағытындағы мал шаруашылығын дамытуға 175 млрд. теңге бөлінеді
Қазақстанда алдағы бес жыл көлемінде 1 млн ауыл тұрғынының кірісін көбейтуді, 350 мың фермер мен үй шаруашылығын қатыстыра отырып, 70 мың отбасылық ферма мен 7 экожүйе құруды жоспарлнуда. Осы мақсатта аймақтарда жалпы құны 4,5 трлн. теңгені құрайтын 845 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған, оның ішінде биылғы жылы 335 млрд. теңгенің 285 жобасын енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.
«Ет бағытындағы ірі қара малды өсіруге арналған «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2025 жылға дейін жеңілдетілген несие беру аясында 2500 шаруа қожалығына несие беру жоспарланып отыр, нәтижесінде 10 мың жұмыс орны ашылады. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша қой шаруашылығында 11 мыңнан астам шаруа қожалығына 117,2 млрд. теңге несие беру жоспарланып, 33 498 жұмыс орны құрылады», - деді министр.
Тақырыпқа байланысты оқу: KazBeef Дубайға сиыр етін экспорттай бастады
Сонымен қатар, «Еңбек» бағдарламасы бойынша алдағы бес жылда ауылдық жерлерде 250 млрд теңге көлемінде 50 мың шағын несие беру жоспарланып отыр. Аталған бағдарлама аясында өткен жылы 43,2 млрд.теңге жұмсалды, бұл 11 мыңнан астам микрокредит беруге мүмкіндік берді, оның 60% стартап-жобалар болды.
Сондай-ақ, «Кең дала» бағдарламасы бойынша жыл сайын көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 70 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие бөлінеді. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын егуге жалпы сомасы 70 млрд.теңгеге 2400 тауар өндірушілерге қысқа мерзімді несиелендіру қарастырылған. Бүгінгі күні бағдарлама аясында 1923 фермер қаржыландырылды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы хабарлағандай, 2024 жылға дейін импортты алмастыру мақсатында жыл сайын 19 құс фабрикасын, 35 өндірістік сүт фермасын іске қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Жамбыл облысында 9 ет комбинаты мен жаңа қант зауытын салу жоспарлануда.
Сонымен бірге 6,6 мың гектар аумаққа жаңа интенсивті бақтар салу жоспарлануда. Осы жобаларды енгізу ауылда 20 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.