Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Байсерке-Агро қуаттылығы 36,5 мың тонна жемшөп шығаратын өндірісті іске қосты
Алматы облысында жем-шөптің 10 түрін өндіретін, атап айтқанда сүт және ет бағытындағы ІҚМ, құс, балықтарға арналқан азық шығаратын зауыт ашылады. Аталған өндірісте жылына 36,5 мың тонна және құны шамамен 1,4 млрд.теңге болатын азық өндіреді, зауыт Талғар ауданындағы «Байсерке-Агро» ЖШС жанынан іске қосылды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ашылу салтанатында Талғар ауданы әкімінің орынбасары Ермек Толқынов атап өткендей, бұған дейін мал азығы көрші аудандардан әкелінетін. Жаңа өндіріс толықтай жұмыс істеп, «Байсерке-Агро» өзі үшін ғана емес, сонымен бірге аудан мен облыс аумағындағы мал шаруашылығына да зор пайда әкеледі.
Тақырыпқа байланысты оқу: АШМ жанынан мал азығын үйлестіретін республикалық штаб құрылады
«Мал басын азайтып алмаудың бір жолы-азықты көп етіп жинау болып табылады. Сондықтан жем-шөп өндіретін заманауи зауыттың ашылуы-бүкіл өңірдің ауыл шаруашылығы саласы үшін үлкен мүмкіндік. Жаңа технологияларды қолдану, ғалымдармен бірлесіп жұмыс істеу өте маңызды іс, сонда біз мал басын көбейтіп қана қоймай, су тапшылығынан немесе өзге де табиғи апаттан сақтанып, мол өнім ала аламыз. Бұл үшін, ең алдымен, ғылыми тәсіл, жоғары білікті мамандар, ауыл шаруашылығы дақылдарының сапалы тұқымдары, жақсы сұрыптар қажет және малдан жоғары өнім алуымыз керек. Біздің болашағымыз-аграрлық сала, сондықтан да осы саланы дамыту үшін үлкен жауапкершілік пен зор еңбек қажет», - деп атап өтті сенатор Ақылбек Күрішбаев.