Қазақстан БАӘ-ге авиажеткізу арқылы ет жіберді

Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерінің ірі саута желілеріне  «халал» стандартындағы қой және сиыр етін жөнелте бастады. Бұл ақпаратты ҚР Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.

Алғашқы 22 тонна Қазақстандық ет  авиаэкспресс арқылы жіберілді. Аталған жұмыс БАӘ-нің Қазақстандағы елшілігінің қолдауы бойынша ұйымдастырылды. Салқындатылған қой еті  (12 т) және сиыр еті (10 т) «Лулу», «Карфур», «Юнион Кооп» ірі сауда желілерінде сатылатын болады.

Бұған дейін де Қазақстаннан араб елдеріне ет жіберілген болатын. Бұл ет өнімдері экологиялық тұрғыдан таза және дәмді, сапасы жақсы  болғандықтан шетелде жоғары бағалануда. Бірақ логистика мәселесі қиын болып, жолаушылар ұшатын рейстер пайдаланылып келген еді, ондай жолмен небәрі 2-3 тонна ғана ет жіберілетін.

Қазақстандық етті экспортқа шығару үшін  авиаэкспресстің жүк салатын бортын пайдалануды шешті. Аталған рейс коронавирусқа қарсы күрес мақсатында елдер  арасындағы бірлескен жұмыс бойынша БАӘ-ден гуманитарлық көмек жүгін әкелген ұшақ еді.

«Осы жүкті Алматыдан Нұр –Сұлтанға жеткізуді өз бақылауында ұстаған Сауда министрлігінің басшылығына үлкен алғысымызды білдіреміз. Сол жұмыстың арқасында  «жасыл дәліз» арқылы ет жеткізілді», — деді​ «Оптоград» директоры Алмат Берденов.

Сонымен қатар, экспортқа өнім шығарушы кәсіпорын Ауыл шаруашылық министрлігіне керекті құжаттар мен сертификаттарды жедел бергені үшін алғысын білдірді.

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов  атап айтқандай, осы жолы жасалған алғашқы тәжірибе бойынша БАӘ-ге апта сайын ет жіберу ұйымдастырылатын болады.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.