Сүтке жұмсалған миллиардтар: субсидия сүттен түсетін пайданы үш есе арттырады

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы сүт тапшылығы 1,7 млн тонна болып табылады, аталған өндіріс көлемін арттырудың жалғыз жолы - мемлекеттік  қолдау арқылы ірі сүт фермаларын (СФ) салу. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылдың басында үш жыл ішінде 25 сүт фермасы салынады деген жоспар туралы жариялады. Ал саланы дамыту үшін сүтті субсидиялау нормативін шағын фермалар үшін 10 теңгеден 20 теңгеге дейін, ірі фермалар үшін 35 теңгеден 45 теңгеге дейін көтерді.

Болашақтағы мөлшер

Ауыл шаруашылығы министрлігі қолдау үшін субсидия бөлінетін салалар үнемі сынға ұшырайтын. Шындығында да, жүздеген миллион теңге беріледі. Бұл қаражатты сүт фермаларына емес, жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдауға бөлу ұсынылады, дәлірек айтқанда оларды кооперативтерге біріктіріп соларды қолдау керек деген сөздер айтылуда.

Бұл пікірмен «Родина» агрофирмасының бас директоры Иван Сауэр келіспейді, ол 2007 жылдан бастап сүт бағытын дамытып келеді және 2019 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлеміне 18,6 мың тонна жеткізді.

Фотода: Иван Сауэр

"Бізде біреулер болмайтын бастама айтып ұрандатады, мысалы  бір кездері жеке қосалқы шаруашылықтардың ғана сүт саласын қолдау керек деген ұсыныстар көтерілді, менің ойымша, бұл орынсыз идея", - деді Иван Сауэр. - Олардың пікірінше, бізді осындай жағдай құтқарады. Бұл қисынсыз! Кеше жаңалықтарды қарап отырсам, Атырауда жеке қосалқы шаруашылықта 20 сиыр өлген, оның себебін ешкім анықтай алмай жатыр.Неге деп ойлайсыздар? Себебі ветеринар мамандар жоқ. Сондай-ақ, олардың малға беретін жемдері де соншалықты сапалы емес, малдары да асыл тұқымды емес. Ал еңбек өнімділігін арттыру жайлы айтсақ, онда тек ірі фермалар ғана бұл жоспарды орындай алады.

Сөзін растау үшін «Родина» АФ директоры мысалдар келтірді: статистикаға сәйкес, 2015 жылы Қазақстанның ірі СФ (олардың саны 50-ге жуық) 152 мың тонна сүт өндірді. Ал 2019 жылдың қорытындысы бойынша-411 мың тонна болды. Яғни, бес жыл ішінде өсім 270% - ды құрады-жылына 50% - дан астам болып отыр. Фермалардағы мал басы да, әр сиырдан сүт шығымы да артып келеді. Сонымен қатар, көрсеткіштер әлемдік деңгейге жетті, әр сиырдан жылына 9 мың кг-нан асатын өнім алынады, ал бұл жағдай жеке шаруашылықтарда тек 3 мың кг болады.

Тақырыпқа байланысты оқуҚазақстандағы 2019 жылғы сүт өндіретін ТОП-69 компания

-Бұл жетістік мемлекеттік қолдаудың арқасында болуда деп санайды Иван Сауэр.Осы тәжірибені одан әрі зерттеп, қолдану қажет дейді ол.

 

Қолдаудың тиімділігі

Иван Сауэр мен оның әріптесі Геннадий Зенченко  Солтүстік Қазақстан облысында  заманауи сүт фермаларын алғаш салған кезде, ешқандай мемлекеттік қолдау болған жоқ еді. Шаруашылық тек болашаққа үміттеніп, мал азығын өсіру есебінен өздерінің сүт фермаларын қаржыландыра отырып жұмыс істеді.

- Сүт фермаларын салу  бастамасы Елбасы тарапынан болды, - деп еске алды Иван Сауэр. - Бірде ол:  «19 ғасырда салынған сиыр қораларда жүресіңдер ме? Жаңа заманға сай ферма салсаңдаршы. Әлемдегі өзгерістерге қараңдар, заманауи нәрсе жасаңдар»-деді. Біз жұмысты ешқандай мемлекеттік қолдаусыз бастадық. Алғашқы жылдары таза сүттен пайда табу мүмкін болмады. Олардың шығынын астық есебінен жаптық, өсірген дақылдарын сатып, барлық пайдасын асыл тұқымды малдарға салды. Сонымен қатар, олар Канададан ұшақтармен сиыр әкелді  және малдарды жеткізу үшін әр басқа $1200 төледі. Қазіргі таңда бәрі басқаша, жаңа фермалар сүт есебінен табыс табатындай жағдайға жеткен. Бірақ бұл салада ешкім жұмыс істегісі келмейді. Себебі сүт фермасы-жылына 365 күн, тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді. Бұл салада тұрып ұйықтау қажет.

Тақырыпқа байланысты оқу: «Зенченко және Ко» компаниясында сүт өндіру жылына 23,6 млн кг жетті

Шаруашылықты дамытып, өсіру үшін инвестиция салу керек, бұл аксиома. Сүт саласындағы қолданыстағы субсидиялау жүйесі инвестицияларды және кәсіпорындарды кеңейтуді талап етеді деп атап өтті Иван Сауэр. Мемлекеттік қолдау табындағы сиыр тұқымын жақсартуға, сиыр тұратын қоралар мен сауу цехтарын жаңа жабдықтармен жарақтауға, суармалы жерлерде дақыл егіп, жемшөп өндірісін жасауға мүмкіндік береді.

«Родина» АФ директоры өз фермасының ғана емес, басқа да сүтшаруашылықтарының өнімдері жайлы деректерді талдап айтты. Өндірісті дамыту үшін сүт фермасының иесі оны модернизациялауға инвестиция салғанын немесе салмағанын бірден байқауға болады. Егер фермада ескі жабдықтармен жұмыс істесе,  Кеңес заманынан ештеңені өзгерткісі келмесе, онда олар көп пайда таппайды, одан әрі өспейді,  жылына 4-5% деңгейде болады. Ал егер кешенді, толықтай жаңартса, онда нақты өсу деңгейі жылына 25-30% болады.

Тақырыпқа байланысты оқу: «Родина» агрофирмасының сүт мөлшері бір жыл ішінде 18,6 мың тоннаға жетті

«Родина» АФ-да жұмсалған қаражат пен еңбек өз нәтижесін берді. Егер 2015 жылы ферма 7,6 мың тонна сүт өндірсе, 2019 жылы - 18,6 мың тонна. Бес жылдағы өсім-2,4 есе болды.

-Біздің облысты 80 - 90-шы жылдары Андрей Георгиевич Браун басқарды, - деді Иван Сауэр. - Ол бізден жыл сайын ет бойынша өсім жылына 8%, сүт бойынша - 10% беруді талап етті. Содан кейін біз бұл мүмкін емес деп ойлайтынбыз. Ал қазір 10% - ға емес, 30% - ға өсуге болатынын көріп отырмыз. Бірақ, әрине, өндіріске инвестиция салу керек.

 

Жылына үш рет өнім жинау

«Родина» агрофирмасы өзінің сүт фермасын жылдан-жылға дамытып келеді, сиыр табыны артып, техникалық жабдықтары да жаңаруда. Соңғы уақытқа дейін кедергілердің бірі мал азығы болатын. Бірақ биылғы жылы шаруашылық 2 мың гектарды суаруға мүмкіндік алды (барлығы 50 мың гектар егістік жер). Бұл келесі жылы жемшөп өндірісін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Бұрын егістікті суару мүмкін емес еді. Бұған дейін Есіл өзенінен шаруашылыққа су берілмейтін, бірақ екі жыл бұрын мәселе шешілді. Сондықтан жобаны бастау мүмкіндігі пайда болды.

«Осы жылға дейін біз жем өндірудің түрлі тәсәлдерін қарастырдық- егіс аумағын ұлғайттық",- деп түсіндірді Иван Сауэр. - Қазір біз қарқынды түрде дамуға көштік, ол үшін 2 мың га суармалы жерді іске қосамыз. Суару машиналарын орнатып, негізгі жұмысты орындадық. Барлығы-өз қаражатымыздан жасалуда, шығындардың бір бөлігін мемлекет өтеуде.

Суармалы жердің болмауына қарамастан, биыл «Родина» АФ 65 мың тонна сүрлем және 15 мың тонна моно жем дайындады. Жалпы алғанда-80 мың тонна сапалы азық дайындалды. Бұл 5,6 мың бастан тұратын қолда бар мал басы үшін бір жарым жылға жетерлік норма (оның ішінде сауын мал- 2 мыңға жуық). Мал азығы жақсарған соң, сиыр басын көбейтуды жоспарлаймыз.

Тақырыпқа байланысты оқу: Сүт өндіру: жүгерінің сүт фермаларына тигізер пайдасы

Суармалы жерлердегі жүгері негізінен сүрлем жасау үшін өсіріледі. Азық үшін де өсіру жоспарлануда, бұл сүт шаруашылығында өте маңызды. Алайда, Қазақстанның солтүстігінің суық климатында піспеуі мүмкін деген қауіп бар, сондықтан қазір «Родина» Агрофирмасы жазда да тез пісетін вегетациялық кезеңі қысқа, суыққа төзімді, жергілікті климаттық жағдайларға бейімделген сұрыптарды іздейді. Дақылдарға қазірдің өзінде сынақ жүргізілді, бірақ әзірге дұрыс, оңтайлы сұрыптарды таңдау мүмкін болмай отыр.

Сондай-ақ, суармалы алқапта жоңышқа өсіріледі, бұл бір маусымда кем дегенде үш рет дақыл алуға және сиырларды ақуызға бай шөппен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

«Әткеншек» және «шырша»

Мал басын көбейтумен қатар, әр сиырдан сауылатын сүт мөлшері де артуда.  2019 жылы орташа көрсеткіш 10 300 литрді құрады. Рекордтық нәтижелер де бар: мысалы бір сиырдан жылына 18 мың литр сүт сауылады. Жалпы бір сиыр күніне 30-31 литр береді.

Тақырыпқа байланысты оқу: KAZSEEDS АҚШ-та Қазақстанға арналған тұқым өсіруде

Виктор Дмитраш «Родина» АФ-та 2013 жылдан бастап жұмыс істейді, ал 2017 жылы ол бас зоотехник болды. Оның көз алдында ферма қарқынды  түрде дамып келеді, шаруашылықтың болашағы зор деген сенімде. 2020 жылдың қорытындысы бойынша сиырдан сүт алудың орташа көрсеткіші 10 600-10 800 литр жоспарлануда. Бірақ оның пікірінше бұл көрсеткішті асығыс жасамау керек.

«Біз малдардың жай-күйін де ұмытпауымыз керек»,- деп түсіндірді Виктор Дмитраш. - Жоғары өнімді сиырдың проблемалары өте көп. Ол қаншалықты көп сүт берсе, соғұрлым көп қиындықтар болуы мүмкін. Тепе-теңдікті сақтап, сиырды жақсы бағып-күту қажет.

Фермада өте білікті ветеринарлар қызмет істейді, атап айтқанда ортопедтер, педиатрлар және әртүрлі бағыттағы мамандар бар. Голштино-фриздердің екі негізгі проблемасы бар-бұзау туылғаннан кейінгі асқынулар және тұяқтардың жағдайы. Мұның бәрін мамандар мұқият қадағалайды.

Фотода: Виктор Дмитраш

Малға дұрыс азық беру және денсаулықтарын сақтау өнімділікті арттыруға ықпал етеді.

- Жем-шөпті аямаймыз, - деп атап өтті Виктор Дмитраш. - Шеф әрқашан мал тоқ болуы керек дейді. Сиырлардың рационына сүрлем, пішен, сабан, концентрацияланған жем, кейбір кездері шөп те кіреді. Пішендеме әлі арпадан жасалады, суармалы жерлердің енгізілгелі біз оны ақуызға бай жоңышқадан жасаймыз. Бұл сүт өнімділігін арттыруға тағы бір сбеп болады.

Айтпақшы, әр қорады (бұл 500 бас) тек бір жұмысшы жұмыс істейді. Ол барлық процестерді қадағалайды, соның ішінде жем беру және көңді тазалауды бақылайды. Адамдар тек құрылғылардың процестерін басқарады.

Тақырыпқа байланысты оқуНе себепті Қазақстанға еттен гөрі сүт көп керек

Сүт фермасында екі сауу цехы жұмыс істейді. Бірінде 32 орындық «шырша», екіншісінде — 50 орындық «әткеншек» құрылғысы бар. Жабдық сүтті ауамен байланыссыз контейнерлерге жібереді. Сонымен қатар, егер «шырша»  цехынан сүт  салқындатқыш танктерге түсіп, содан кейін сүт өңдеу зауытына жеткізілсе, онда «әткеншек» цехынан сүт зауытына дейін тікелей жіберіледі.

«Родина» АФ-та көптеген өнімдер шығаратын өз сүт зауыты бар. Тәулігіне 50 тонна сүт өңделеді. Осының барлығы Нұр-Сұлтан қаласының сауда желілері арқылы тез тарайды, сондықтан басқа өңірлерге жеткізуге мүмкіндік жоқ.

 

Тамаша тұқым

Табындарда асыл тұқымды сиырларды жинау үшін «Родина» АФ бастапқыда сүтті - голштейн-фриз тұқымын әкелді. Алғашқы кезде Канададан әкелді, одан кейін әр жылдары Еуропаның әр түрлі елдерінен малдар тасыды. Төрт жыл бұрын мал сатып алуды тоқтатты, себебі қажетті мал тұқымын қалыптастырды. Қолдан ұрықтандыру жасалады, 75% -құнажындар болып табылады. Бұл мал басын жаңарту үшін жеткілікті.

Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстандағы сиыр көп аймақтар

Бірқатар жаңа тұқымды бұқалар туылды. Оларды бордақылап, союға жібереді. Мал етінің сапасы жаман емес, 18 айда 470-480 кг-ға дейін барады.

Келесі жылдан бастап «Родина» агрофирмасы асыл тұқымды мал сатуды өзінің репродукторынан бастауды жоспарлап отыр. Сапалы малға сұраныс өте жоғары, тіпті фермерлер «нашарларында» қабылдауға дайын. Шынында да, «Родина» АФ үшін жылына 7000 литр сүт беретін сиыр соншалықты қажет емес. Ал қазір жылына 3 мың литр сүт беретін сиыр Қазақстандағы көптеген ұсақ шаруа қожалықтары үшін бұл қол жетпес арман.

 

Сергей Буянов, фото және видео автордікі

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.